- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Экономиканың қозғаушы күші шағын және орта бизнес екені мәлім. Қаламызда 69 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектілерінде 161 мың адам жұмыспен камтылган .
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына бағытталған қаржы 2 есе ұлғайып, 7 млрд. теңгеге жетті. Бір мыңнан астам жобаға 3 млрд теңгеге жуық қолдау көрсетілді.
Жеңіл өнеркәсіпте 220 өндіріс орындары жұмыс істеп, еліміз бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 21 пайыздан астамын Шымкент кәсіпорындары шығарады. Биыл осы өндіріс орындарымен 16 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Алдағы бес жылда кәсіпкерлік субъектілердің өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарланып, қосымша 190 мың жұмыс орындарын ашу көзделген.
- 08.09.2021
- 352