- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
"Халық қатысатын бюджет"
Мемлекет басшысы абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін 10 есе арттыруды тапсырды.
Қаламызда бұл жоба биылдан бастап жүзеге асып, тиімділігін көрсетті. Бюджет жоспары бастапқы 287 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге жуық артып, бес есе өсті. Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іріктеліп, іске асырылуда.
Келесі жылы жобаға қаралатын қаржыны 10 есе ұлғайтып, 3 млрд. теңгеге жеткіземіз. Аудан әкімдіктері осы айдан бастап тұрғындардан ұсыныстар жинақтап, іріктейді.
Ашықтық пен жариялыққа негізделген «Халық қатысатын бюджет» - билікті бұқараға барынша жақындатудың тиімді құралы. Жобаны қаланың коммуналдық шаруашылығында да кеңінен енгізетін боламыз.
- 08.09.2021
- 230