• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Сауда министрлігі мен Әзербайжанның Экономика министрлігі Сауда ынтымақтастығы бойынша меморандумға қол қойды

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Әзербайжан Республикасына жұмыс сапары аясында бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өтті.

Сонымен, Әзербайжан Республикасының Экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесу барысында тараптар екіжақты тауар айналымын арттыру әлеуетін талқылады.

- Елдеріміздің тауар айналымы жөніндегі деректер ынтымақтастықтың қазіргі әлеуетін пайдаланбайтынымызды айқын көрсетеді. Қазақстан таяу уақытта Әзербайжан экономикасы талап ететін: металлургия саласында, тамақ өнеркәсібінде, мұнай-химия саласында және т.б. тауарларды жеткізуді ұлғайтуға дайын. Әзербайжанның біздің құрылыс индустриясы өнімдеріне қызығушылығы бар. Бізде, басқалармен қатар, олардың тамақ өнеркәсібі мен мұнай химиясына қатысты, - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Әзербайжан тарапы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жұмысты жандандыруға дайын екенін растады.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Әзербайжан республикасының экономика министрлігі өзара тиімді және әділ негізде сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған сауда ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойды.

Атап айтқанда, тараптар ішкі және сыртқы сауданы дамыту, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ынталандыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, электрондық коммерцияны дамыту сияқты салаларда тәжірибе алмасуға, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалогқа жәрдем көрсетуге уағдаласты. Сондай-ақ, саудадағы кедергілерді анықтау және осындай кедергілерді азайту және жою үшін өзара шешімдерді іздеу бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан мен Әзербайжан екі елдің кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде олардың елдерінің белгілі бір тауарларын сатуға жәрдемдесуді көтермелеуге келісті.

Бұл күндері Бакуде Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық миссиясы өтуде. Қазақстандық 19 компания өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынады. Отандық бизнеске жүзден астам АР компаниясы қызығушылық танытты.

Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, Әзербайжан Республикасы Көлік, Байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің басшысы Рашад Набиевпен Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстан құрып жатқан шекара маңындағы сауда-логистикалық хабтарда өнеркәсіптік кооперация мүмкіндігі туралы сөз болды.

Сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов Әзербайжан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі министрі Мадат Гүлиевпен кездесті. Тараптар әскери-техникалық саланың мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" өнімдерін жеткізу және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мүмкіндігі.

  • 10.09.2021
  • 217
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика