• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы жалғыз акционер – Сауда және интеграция министрлігінің шешімімен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. А. Шәйжүнісов 2015 жылдан бастап «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясында (2020 жылдың ақпанына дейін – «Астана ЭКСПО-2017») Маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры, Басқарушы директор, Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Аллен Шәйжүнісов Дүниежүзілік «EXPO-2020 Dubai» көрмесіндегі Қазақстан секциясының Бас комиссары.

Аллен Шәйжүнісов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітірген.

А. Шәйжүнісов өзінің еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан кабель компаниясы» ЖШС Ресей Федерациясындағы өкілдігінде бастады, кейін дипломатиялық қызметте болды, әр жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары, Қазақстан футбол федерациясы бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

  • 30.07.2020
  • 367
Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика