- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстанның ұлттық парктеріндегі заңбұзушылықтар туралы жедел желі іске қосылды
Бізге экологиялық проблемалар мен құқықбұзушылықтар туралы хабарлама жолдап, әлеуметтік желілерге жариялап жатқан жанашыр азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл бізге жергілікті жердегі жағдайды біліп, оны жедел шешуге мүмкіндік береді. Мәселен, өткен аптада әлеуметтік желілерде туристердің бірі ұлттық паркте олардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмағаны, қызмет көрсетілмегендігі және түбіртек берілмегендігі туралы шағымданған болатын. Біз дереу тиісті шараларды қабылдадық. «Көлсай қөлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің басшыларына табиғи аумақтағы бірқатар заңбұзушылықтарға әкелген қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс жарияланды. Оның ішінде, заңсыз ағаш кесу, балық аулау,аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, саябақ қызметкерлерінің жұмысындағы кемшіліктер және басқа да заңбұзушылықтар туралы фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы тікелей хабар беруге болады. Жедел желі нөмірі: +77776785252.
- 30.07.2020
- 408