• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіп саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Үкімет мүшелеріне баяндады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеев Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар – тамыз айларындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, көрсетілген мерзімде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 887,9 млрд теңгені құрады.

"Мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3,6 % -ға артып, 1 945,5 млрд теңгені құрады.  Барлық түрдегі мал мен құс санының өсуі байқалады", - деді Е.Қарашөкеев.

Ірі қара мал басы 4,8%-ға артып, 8,8 млн. басты құраса, қой мен ешкі 2,6%-ға (23,5 млн. бас), жылқы 9,6%-ға (3,5 млн. бас), құс 4,4%-ға (48,8 млн. бас) артқан. Тірі салмақта ет өндіру 6% – ға (1 242,7 мың тонна), сүт өндіру көлемі 3,3% - ға (4 406,9 мың тонна) өскені байқалады.

"Өсімдік шаруашылығы өнімі 919,7 млрд теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,3% - ға төмен. Төмендеу қалыптасқан топырақ пен атмосфера құрғақшылығына байланысты болып отыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі 7,9 ц/га құрады", - деп атап өтті ведомство басшысы.

2021 жылы егістер құрылымындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың үлесі шамамен 70%-ды құрайды.

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көрсетілген кезеңде 4,8% - ға өсіп, 1 421,2 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 43,2% - ға артып, 427 млрд теңгені құрады.

  • 14.09.2021
  • 412
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика