• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Душанбеде ҰҚШҰ Сыртқы істер, қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті

Душанбе, 2021 жылдың 15 қыркүйегі - Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев және Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов құрамына кірген Қазақстан Республикасының делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жарғылық органдарының бірлескен отырысына қатысты.

Іс-шара барысында ҰҚШҰ-ның ағымдағы қызметі және оны дамыту перспективалары туралы кең ауқымды мәселелер талқыланды, өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылды. Ауғанстандағы жағдайды дамытуға және ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің осы бағыттағы бірлескен іс-қимылдарына ерекше назар аударылды.

Душанбедегі кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ аясында жаңа институт – ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілін құру туралы бастамасы қолдау тапты. Қатысушылар ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының тиісті шешімінің жобасын келісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына шығарылатын жобалар мен басқа да құжаттар мақұлданды. Олардың ішінде - Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің декларациясы, Ұйымның қорғалған мультисервистік байланыс желісінің схемасы туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шешімдерінің жобалары, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы, сондай-ақ әскери және әскери-техникалық сипаттағы мәселелер бойынша басқа да құжаттар бар.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары бірқатар саяси мәлімдемелер қабылдады, соның ішінде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы дағдарыстық жағдайларды реттеу жөніндегі ұжымдық күш-жігер, Ауғанстандағы жағдай туралы, БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдықты растау туралы, Қазақстан бастамашылық еткен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірлескен күш-жігер туралы.

ҰҚШҰ форматындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құжаттар қаралып, келісілді. Атап айтқанда, 2002 жылғы 7 қазандағы ҰҚШҰ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманың және «ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы» ҰҚШҰ ҰҚК шешімінің жобалары мақұлданды, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының Үйлестіру кеңесін құру туралы ҰҚШҰ ҚКХК шешіміне қол қойылды.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери комитет туралы ережеге өзгерістер енгізуге, медициналық қамтамасыз ету және ұйым елдері үшін медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша әскери кадрлар даярлау проблемаларын зерттеу саласындағы базалық ғылыми-зерттеу ұйымдарын бекітуге, әскери кадрларды бірлескен даярлау жүйесіндегі әскери оқу орындарының өзара іс-қимыл тәртібі жөніндегі ұсынымдарды, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері Кеңесінің жанындағы әскери кадрларды бірлескен даярлауды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы құрамын бекітуге байланысты бірқатар құжаттарды мақұлдады.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған халықаралық өңірлік ұйым. Құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

  • 16.09.2021
  • 286
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика