• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Швейцариялық SUISAG компаниясының қатысуымен Қазақстанда шошқа шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша өткізілген онлайн-семинардың қорытындысы бойынша

Ү.ж. 5 тамызда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшылығымен ірі швейцариялық SUISAG компаниясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның шошқа шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті.

ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Төребаев өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, бүгінгі кездесу 2019 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы Швейцария Президенті Ули Маурер мырзамен кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудағы
іс-шаралардың бірі болып табылады.

Осы семинар қазақстандық шошқа шаруашылығы саласының ең алдымен ҚХР нарығына шығуға ұйымдастыру және дайындау аясында өткенін атап өткен маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, аталған семинарда ҚР Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бакаев, «QAZTRADE «ССДО» АҚ Бас директоры Арман Дәулетұлы Әбенов және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі сөз сөйледі.

А.Әбенов атап өткендей, Швейцариямен ынтымақтастық біз үшін ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.

Шошқа етінің экспортын ұлғайту әлеуеті 780-1100 млн. АҚШ доллары, соның негізі Қытай нарығына.

Осы сала үшін өткен жылдың қыркүйегінде ҚХР Мемлекеттік кеден басқармасымен Қытайға мұздатылған шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша Хаттамаға қол қою маңызды болды, сондай-ақ ветеринарлық сертификат келісілді, қазақстандық шошқа шаруашылығы кәсіпорындарын ҚХР Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізу күтілуде.

Ағымдағы жылдың маусым айының басында ҚР АШМ ҚХР МТУ-ға
34 қазақстандық кәсіпорынның (30 ет өңдейтін және 4 шошқа өсіретін) жаңартылған тізімін жіберді.

Тағы бір маңызды ілгерілеу - а.ж. мамыр айында Қазақстан шошқаның классикалық обасынан азат ел деп танылғаны туралы халықаралық эпизоотиялық бюро сертификатын алу болды.

Семинар барысында SUISAG компаниясының өкілі Маттео Эппли мырза қазақстандық шошқа шаруашылығы саласының өкілдеріне Қытай Халық Республикасына шошқа етін экспорттау мүмкіндіктері, кедергілер мен сондай-ақ сертификаттау мәселелері және экспортты арттырудың өзге де мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, Эппли мырза Швейцарияның шошқа шаруашылығын дамыту және қазіргі жетістіктері туралы тәжірибесімен бөлісті.

Ол сондай-ақ Қазақстанда шошқа өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсыныстарын ұсынды. Олар:

- Жануарлар денсаулығының ең жақсы деңгейімен өнімділікті арттыру (өнімділіктің өсуі), жасанды ұрықтандыру технологиясын пайдалану (қазіргі уақытта ИҚ жөніндегі орталық жоқ) және генетиканы енгізу;

- қолда бар шошқа басын жақсарту (шығару +50%);

- білім алмасу, оқыту және инфрақұрылымды дамыту арқылы өндірісті қолдау ;

- қазақстандық университеттермен бірге мамандардың жаңа буынын дайындау;

- жаңа мал басы бар жаңа фермалар құру.

Қазіргі уақытта, компанияның генетика, жасанды ұрықтандыру және денсаулық мәселелеріне назар аудара отырып, Қазақстанның шошқа өсірушілері үшін оқыту семинарын өткізу жөніндегі пилоттық жобасы ҚР Үкіметіне ұсынылды.

Ұсыныс ретінде қазақстандық шошқа шаруашылығы орталығын (Швейцария моделі бойынша) құру қажеттігі айтылды.

Семинарға 20-ға жуық қазақстандық кәсіпорын қатысты. Семинарды ҚР сауда және интеграция министрлігі, ҚР Швейцариядағы Елшілігі, «QAZTRADE «ССДО» АҚ, ҚР АШМ және Қазақстандағы Швейцария елшілігінің сауда өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.

  • 06.08.2020
  • 447
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика