• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Куздибаев А.Ш.
Куздибаев А.Ш.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QR-кодтар үлескерлердің құқықтарын қорғау үшін қолданыла бастайды

Бірыңғай тұрғын үй операторы «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі - ҚТК; Компания) құрылысты аяқтауға кепілдік алған объектілерге QR-кодтарды бере бастайды. Бұл шара салынып жатқан объектілерде тұрғын үйді сатып алуды жоспарлап отырған сатып алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Бұдан былай ҚТК кепілдік беру туралы шартын жасасқан Қазақстанның құрылыс салушылары бірегей QR-коды бар сертификаттарды алатын болады, оларды сканерлеп, сатып алушылар сертификаттың түпнұсқалығын Бірыңғай операторының  www.khc.kz сайтында тексере алады. Құрылыс салушыларға тұтынушылармен өз байланыс арналарында QR-кодтарды пайдалану құқығы беріледі.

Рустам Исаев, «ҚТК» АҚ Басқарма төрағасы: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және жосықсыз құрылыс салушылардың тарапынан алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында ҚТК-ның әрбір кепілдігі бірегей QR-кодқа ие болады. Бұл адамдарға берілген сертификаттың түпнұсқалығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, біздің тарапымыздан қазір тұрғындар мен құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына кепілдік беру механизмі және бұл құралдың құрылыс тоқтап қалған жағдайда екі жаққа да қалай көмектесе алатындығы туралы ақпараттандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Әсіресе, біз өңірлерге ерекше көңіл бөлудеміз».

Үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы ҚР Заңына сәйкес құрылыс салушылар үш тәсілдің бірін пайдалануы тиіс екенін естеріңізге саламыз:

Бірыңғай оператордың (ҚТК) кепілдігін алу

Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы

Көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын салғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын өзге тәсілдермен тартуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, тұтынушыларға Бірыңғай оператордың кепілдіктері нақты құрылыс объектісіне берілетінін білу қажет. Яғни, бір құрылыс салушының әртүрлі объектілерге бірнеше кепілдігінің болуы мүмкін. Сонымен қатар, бірнеше кезектен немесе блоктардан тұратын объектілерге де жеке кепілдіктердің берілуі мүмкін. Бүгінгі таңда Бірыңғай оператормен Қазақстан бойынша 115 кепілдік берілді. 47 кепілдік бойынша объектілер пайдалануға сәтті енгізілді.

«Жақын арада құрылыс салушылардан жылжымайтын мүлікті сатуда делдал болып табылатын krisha.kz, homsters.kz, kn.kz, korter.kz сияқты ірі алаңдарда ҚТК кепілдігінің бары туралы белгілер орнатылатын болады. Сонымен қатар, Tengrinews.kz сайтында қалалар мен құрылыс салушылар бойынша іздеу мүмкіндігімен бізбен кепілдендірілген барлық объектілердің тізімі бар арнайы бөлім ашылды», - деді Рустам Исаев.

QR-кодты телефон камерасы (iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондар үшін) немесе QR-кодты оқуға арналған арнайы қосымша (Andriod операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондар үшін) арқылы сканерлеуге болады.

  • 24.09.2021
  • 405
Куздибаев А.Ш.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы

Куздибаев А.Ш.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика