• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы «Қазқұтқару-2021» халықаралық құтқару көпсайысы жарыстарында бірінші орынды иеленді

2021 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала-Астана» оқу – жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Жарыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Батыс Қазақстан облысының жедел-құтқару жасағынының құтқарушылары, Қазақстан Республикасы ТЖМ 28237, 52859, 68303 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері және Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ құтқарушылары қатысты.

Құтқарушылар «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы аясында «Техногендік апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары», «Акваториялардағы іздеу-құтқару жұмыстары» және «Табиғи ортадағы іздеу-құтқару жұмыстары» қашықтықтардан өтті.

Жарыстардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:

Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар командасы үшінші орынды иеленді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы екінші орынға ие болды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Әскери-құтқару үшсайыс жарыстарының нәтижесі бойынша 52859 әскери бөлімінің командасы үшінші орынды, 28237 әскери бөлімінің офицерлер командасы екінші орынды, 28237 әскери бөлімінің контракт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер командасы бірінші орынды иеленді.

Барлық командалар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыстарда құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұйымшылдықты, жоғары кәсібилікті, сондай-ақ жеңіске деген ерік-жігерді көрсетті.

 

 

  • 27.09.2021
  • 299
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика