• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұр-Сұлтан мен Эр-Рияд ынтымақтастықты тереңдетуді талқылауда

Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Сауд Арабиясы Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтуде. Қазақстан тарапынан тең төраға ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Сауд тарапынан - САК Инвестициялар министрі Халид Абдулазиз әл-Фалих болып табылады.

Қазақстан тарапы Сауд Арабиясы бізді достық пен сындарлы саяси диалог байланыстырып отырған Араб түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктесі болғанын және болып қала беретінін атап өтті.

Үкіметаралық комиссия әлемдік экономикалық дағдарыстарда, соның ішінде ковидтік дағдарыстарда екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының даму қарқыны бәсеңдегенін атап өтті. Алайда, Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық үшін ашылмаған әлеуеті зор.

- Тұрақты өсу траекториясына шығу үшін біздің өзара қарым-қатынастарымызға жаңа серпін беру қажет, - деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов ҮАК отырысында сөйлеген сөзінде.

Тараптар өзара сауданы арттыру, оның ішінде елдеріміздің нарықтарына қол жеткізу бойынша өзара іс-қимылды кеңейту және нығайту перспективаларын талқылады.

Осылайша, Қазақстан мен Сауд Арабиясында өндірілген өнімдердің өзара саудадағы үлесін арттыру арқылы біздің нарықтардағы импорттық тауарларды алмастыру мүмкіндігі талқыланды.

Қазақстан түрлі салаларда 100 өңделген тауарды жеткізу бойынша экспорт номенклатурасын 398,5 млн.долл. сомасына кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді. Тізімге машина жасау, қара металлургия, тамақ өнеркәсібі және т.б. тауарлар кірді.

Тараптар екі елдің іскерлік орталарының ынтымақтастығын тереңдетуге және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды, оның ішінде бір Тараптың өнімін екінші Тараптың аумағында таныстыру және сату үшін уақытша немесе тұрақты көрме павильондарын (showroom) ашуды пысықтауға келісті. Қазақстан мен САК өз елдерінде әлеуетті сатып алушыларды іздестіруде бір-біріне жәрдем көрсетуге уағдаласты.

Сонымен бірге, Қазақстан ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, туризм, тау-кен металлургия кешені және қаржы сияқты салаларда бірлескен инвестициялық экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыруға Сауд Арабиясының компанияларын тартуға мүдделілік танытты.

Атап айтқанда, Бақыт Сұлтанов саудиялық әріптесін көрші мемлекеттердің әлеуетін қоса отырып, Қазақстанда тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаның іске қосылғаны туралы хабардар етті.

- Біздің өңірде үлкен азық-түлік тізбегін құру сауда айналымын шектейтін логистикалық кедергілерді еңсеруге, транзит және тасымалдау жолдарын реттеуге мүмкіндік береді, бұл Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы өнімді өзара тиімді экспорттауға ықпал етеді, - деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция министрі. Сауд Арабиясының мемлекеттік құрылымдары мен бизнесіне «осы саладағы ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерделеуді» ұсынды.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын жүзеге асыру кезінде карантиндік фитосанитариялық талаптармен алмасуды жүзеге асыруға және өсімдіктер карантині саласында ынтымақтасуға уағдаласты.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы нарығына қазақстандық мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін САК (Saudi Food and Drug Authority) азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы тарапынан Қазақстанның барлық рұқсат құжаттарын алуын жеделдету үшін күш-жігер жұмсау қажет.

Ынтымақтастықтың ірі бағыты «жасыл экономика» бағыты болуы мүмкін. Эр-Рияд бірлескен жобаларды іске асыру, технологиялармен алмасу, кадрлар даярлау үшін әлеует бар екенін атап өтті. Тараптар күн, сутегі энергетикасы және бейбіт атомды қоса алғанда, баламалы және жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылауға келісті.

Қазақстан-Сауд Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың барлық салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған қорытынды хаттамаға қол қойды.

  • 28.09.2021
  • 224
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика