- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
QazTrade 11-ші Орталық Азия сауда форумы алаңында COVID-19 кезеңінде ШОБ қолдау тәжірибесімен бөлісті
«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы 11-ші Орталық Азия сауда форумының ашылуында сөз сөйледі. Биылғы жылғы Форумның тақырыбы «Өңірлік ынтымақтастықты кеңейту арқылы пандемиядан кейінгі қалпына келтіру» болды.
Асқарұлы ұзақ мерзімді перспективада өсу нүктелерінің бірі сауданы өңірлендіру және Орталық Азия өңірлерінің байланыстылығын нығайту болып табылатынын атап өтті. Бұған, оның ішінде, көтерме-тарату орталықтары желісін қалыптастыру, ҚР мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» Халықаралық Сауда Орталығын құру ықпал ететін болады.
«Нарықта жеделдетілген логистикалық сервистерді қалыптастыру жеткізудің құнын 25-30%-ға және мерзімін 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бүгінде Ресей, Беларусь, Қазақстан және Өзбекстанның қатысуымен Еуразиялық Агроэкспрессті іске қосу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, Еуропа мен Азия нарықтарына шығуды қамтамасыз ететін тұтас маршруттық желі құру жоспарда бар», - деп атап өтті QazTrade Бас директоры.
«COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңдегі саудадағы үрдістер» сессиясы аясында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева сөз сөйледі. Ол пандемия кезінде отандық бизнесті қолдау бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.
«Қазақстандық бизнесті қолдау бойынша жедел қабылданып жатқан шаралар 2020 жылы шикізаттық емес экспорттың төмендеуін болдырмауға мүмкіндік берді: төмендеу тек 2,8%-ды құрады», - деп атап өтті Егембердиева. Бұл 2020 жылы локдаундар азық-түлік емес тауарларға сұраныстың 20%-ға төмендеуіне әкелді.
Ол сондай-ақ QazTrade-тің 2020 жылғы жұмыс тәжірибесі ағымдағы уақытта да белсенді пайдаланылатынын айтты. Осылайша, пандемияның басында құрылған телеграмм-арна белсенді жұмыс істейді, онда ШОБ шикізаттық емес тауарларын экспорттау мәселелері бойынша шұғыл өтініштер қабылданады. Экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды.
Пандемия кезеңінде қазақстандық компанияларды Alibaba платформасына шығару бойынша компанияларды қолдау маңызды болды. QazTrade және Alibaba арасында қол қойылған Меморандумға сәйкес, Alibabа компанияларға және олардың платформада жұмыс істеуіне жәрдемдеседі, ай сайынғы тренингтерді ұйымдастырады, қазақстандық жеткізушілердің цифрлық трансформациясына ықпал етеді.
АХҚО-мен бірлесіп «Ақылды экспорт» білім беру бағдарламасы іске қосылады, онда сыртқы сауданы жүргізудің барлық қыр-сыры туралы айтып береміз. Ковидтен кейінгі жағдайды, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы жөніндегі талаптарды ескере отырып, ілгерілетудің жаңа құралдарына ерекше назар аударылатын болады.
QazTrade-тің серіктестігі аясында Орталық Азия форумымен Орталық Азиядағы Кәсіпкерлікті қолдаудың ковидтен кейінгі экожүйесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның модераторы «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров сөз сөйледі. Дөңгелек үстел отырысына USAID CTJ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Халықаралық Сауда Орталығының өкілдері, сондай-ақ Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Экспорт жөніндегі агенттік директорының орынбасары, Грузияның бұрынғы Вице-Премьер-Министрі қатысты.
Тараптар экспортты ілгерілету инфрақұрылымы Орталық Азияның барлық елдері үшін басты басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті. Өңірдегі әрбір ел қолданыстағы инфрақұрылымды қайта құруға немесе шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша жаңа мекемелерді құруға күш салуда. Қатысушылар экспорттық нарықтарды игеруді жоспарлап отырған жергілікті компанияларды қолдау және ақпарат орталықтарын құруға бағытталған ұлттық шаралар мен өңірлік бастамаларды қарастырды.
Нұрлан Құлбатыров жұмсақ инфрақұрылым, атап айтқанда қаржылық емес шаралар жаңа бастаған экспорттаушылар арасында сұранысқа ие екенін және ОА елдері осы мәселелер бойынша білім мен тәжірибе алмасуы тиіс екенін атап өтті.
- 06.10.2021
- 187