- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Экологиялық білім беру тақырыбындағы қоғамдық талқылау
Министрлер А.Аймағамбетов, А.Балаевамен бірлесе экологиялық білім беру тақырыбындағы онлайн-конференцияға қатыстық. Президенттің тапсырмасымен қазір ел мектептерінде экология пәнін енгізу мәселесі қаралуда.
Бала кезден бастап қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін жетілдіру,экологиялық білім беру қазіргі таңда өзекті болып отыр.Біздің министрлік бұл бастаманы жан-жақты қолдауға дайын.Мектеп оқушыларына ұлттық саябақтарға экскурсия ұйымдастыруға, арнайы эко-лагерь құруға дайынбыз.
Жақсы ұсыныстар,пікірлер айтылды.Нәтижесінде біз экологиялық білім беру жөнінде арнайы кеңес құруға келістік. Құрамына мемлекеттік,үкіметтік емес,халықаралық ұйымдардың өкілдері,қоғам қайраткерлері кіреді. Онда экологиялық білім беру мәселесі жан-жақты қарастырылатын болады.
Өскелең ұрпақтың экологиялық белсенді, табиғатқа жанашыр болып қалыптасуы біз үшін маңызды. Осы орайда, бастап жатқан бастамаларымыз бен жұмысымыз оң нәтижесін әкеліп, экологиялық білім беру үрдісі барынша жүзеге асады деп сенемін.
- 18.08.2020
- 369