• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды

Жұмыс сапары барысында Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесті.

Кездесуде мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

«2019 жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша міндет қойды, онда халықтың барлық тілектері жедел ескерілетін болады. Сондықтан бүгін мемлекеттік қызмет саласында көптеген жаңашылдықтар енгізілуде. Олардың барлығы мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен кәсібилігін, халықтың билік институттарына сенім деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын азайтуға, сондай-ақ мемлекеттің жаңа экономикалық саясатын іске асыру жағдайында мемлекеттік аппараттың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған», - деп атап өтті Анар Жаилғанова.

Ведомство басшысына облыс әкімдігі жанындағы Ситуациялық орталық таныстырылды, ол туындаған қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға арналған.

Сонымен қатар, Анар Жаилғанова «Open Pavlodar» фронт-офисінің жұмысымен де танысты.

«Open Pavlodar» алаңында» «бір терезе» қағидаты бойынша қаладағы тұрғындарға қажетті қызметтер, қаржылық даму институттары, екінші деңгейдегі банктер қызмет көрсетеді, сондай-ақ цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Фронт-офистің заманауи техникалық жабдықталуы нақты уақыт режимінде электрондық форматта 800-тен астам мемлекеттік қызметті пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа орталық базасында барлығы 5 операциялық зал жұмыс істейді, қалалықтарға барынша ыңғайлы болу үшін күту залы мен балалар алаңы көзделген.

Бұдан басқа, Анар Жаилғанова Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болды. Мұнда 800-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Күн сайын  аталған орталыққа 2000-ға жуық адам келеді.

Агенттік Төрағасы азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік басқару академиясының филиалы базасында Анар Жаилғанова Президенттік Жастар кадрлық резервінің қатысушыларымен кездесті. Павлодар облысынан барлығы 16 адам президенттік Жастар кадрлық резервіне кірді, олардың 6-ы жұмысқа орналастырылды.

«Кадрлық резервтің мақсаты, бірінші кезекте, жастар үшін ашық әлеуметтік лифт құру. Резервистер, сіздерге мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу стилін жоғары тиімділік, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасы және халықпен жұмыс істей білу бағытына өзгерту бойынша үміт артылады», - деп атап өтті Анар Жаилғанова.

Филиалдың барлық аудиториялары заманауи аппаратурамен жабдықталған: проекторлар, «Смарт-кап», интерактивті панельдер, Internet желісіне қосылған моноблоктар, бұл тыңдаушыларға сабақ үдерісінде де, жобаларды әзірлеуде де барлық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді. Ағымдағы кезеңде біліктілікті арттыру семинарларында 681 адам оқытылды, 124 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өтті.

Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова өңірдің мемлекеттік қызметшілеріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жұмыс істеуді, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлуді және азаматтардың өтініштеріне уақытылы ден қоюды тапсырды.

  • 11.10.2021
  • 274
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика