• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тегеранда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтуде

Тегеранда (Иран) Қазақстанның екі күндік сауда-экономикалық миссиясы бастаулды. Машина жасау, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі өнімдерін ұсынатын жиырма қазақстандық компания өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынады.

СЭМ аясында Қазақстан-Иран Бизнес-форумын ашқан Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, «Қазақстан жүздеген шағын және орта кәсіпорындарды сыртқы нарықтармен біріктіре отырып, елдің сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жоспарлы түрде іске асыруда».

«Өткен жылы ковидтік шектеулер Қазақстан мен Иранның өзара саудасына теріс әсер етіп, оны 37%-ға қысқартты. Бірақ биылғы жылдың 8 айында біз өткен жылғы тауар айналымының көлемінен асып түстік. Бұл біздің елдеріміздің сауда әлеуетінің зор екендігін көрсетеді», - деді Төребаев.

Талдау Иранға қазақстандық тауарлардың металлургия саласы, тамақ, машина жасау химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларының $162,3 млн сомасына экспортын арттыру әлеуетін анықтады.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында қол қойылған Еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісімді елдер арасындағы тауар айналымының өсуіне ықпал ететін толық форматты келісімге айналдыру жөніндегі келіссөздер процесін құптады.

Екі елдің өзара іс-қимылының өсуіне Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолын пайдалану ықпал етеді. Бұл қатынас 10 млн тонна жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді.

«Осы жол арқылы Иранның Ресей және Қытай нарықтарына, өз кезегінде біздің ел – Парсы шығанағының барлық мемлекеттеріне шығу мүмкіндігі бар. Бұл магистраль екіжақты және өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға оң әсерін тигізді», - деп атап өтті Қайрат Төребаев.

ҚР ИИР-дағы Елшісі Асхат Оразбай атап өткендей, қазақстандық сауда-экономикалық миссиясындағы Иран бизнесінің назары «біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда зор өзара мүдделіліктің бар екенін» көрсетеді.

Елші Оразбай Қазақстан мен Иранның инвестиция саласындағы ынтымақтастығының табысты дамуы туралы айтып берді.

«Өткен жылы Иран инвесторлары Қазақстан экономикасына 4,3 млн.доллар тікелей инвестиция тартты. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1,7 млн. долларды құрады. Іске асыруда көптеген жаңа жобалар бар. Мысалы, жақында Ақтау теңіз порты мен Казвиннің коммерциялық палатасы арасында порт аумағында коммерциялық-логистикалық кешен салу бойынша келісімшартқа қол қойылды», - деп атап өтті Елші.

Ол, сондай-ақ, Қазақстан, Иран және Ресей арасында қазақстандық бидайды осы елдерге уақытша импорттауға, транзиттеуге және своп жасауға рұқсат беретін бидай саудасы жөніндегі меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Бұл механизмді барынша пайдалану керек.

«Біздің ынтымақтастығымызды арттыру үшін барлық қажетті тетіктеріміз бар, ең бастысы, екі мемлекет көшбасшыларының тілегі мен берік саяси ерік-жігері», - деп атап өтті қазақстандық делегация.

СЭМ-де Иранның Сауда-Өнеркәсіп, Тау-кен және Ауыл шаруашылығы палатасының президенті Голамхосейн Шафеи мырза бастаған Иран тарапы өзара сауданы ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.

«Біздің елдеріміз бір-бірімен сауда жасау үшін де, түрлі салалардағы іскерлік кооперация үшін де зор әлеуетке ие. Біздің екі елде де Қытай, Үндістан және Еуропа нарығы арасында ыңғайлы логистикалық орын бар. Біз қазақстандық компаниялардың Иранда, ал ирандық компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеп жатқанын көргіміз келеді»,-деді Шафеи мырза.

Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Сауда-экономикалық миссиясы аясында екі елдің іскер топтарының қатысуымен В2В кездесулер өтті. Иран тарапынан Бизнес-форум мен В2В кездесулерге 100-ден астам кәсіпорын қатысты.

12 қазанда қазақстандық кәсіпкерлердің ирандық Trade Promotion Organization, Iran Chamber of Cooperation компанияларымен, сондай-ақ Shahrvand, MAF Pars (Hyperstar), Refah ритейл-орталықтарымен көшпелі кездесулері жоспарланған.

Бизнес-келіссөздер жалғасуда.

 

 

Анықтама:

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-тамызда $318,2 млн. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары ($157,3 млн.)

2020 жылы тауар айналымы $237,0 млн. құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 37,2%-ға төмен. (2018 жылы ҚР мен ИИР өзара сауда көлемі $519,1 млн құрады).

 

Қазақстанның Иранға экспорты 2021 жылғы қаңтар-тамызда $218 млн құрады.

Экспорттың негізгі тауарлары: арпа, бидай, рапс және зығыр тұқымдары, кептірілген бұршақты көкөністер, рапс майы, өзге де өсімдік майларын алу кезінде алынған қалдықтар, қой немесе ешкі еті, өзге де жануарлардан алынатын өнімдер болып табылады. Сондай-ақ мыстан жасалған мыс пен катодтар, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және жіксіз профильдер.

2021 жылғы қаңтар-тамызда Ираннан Қазақстанға импорт $100,2 млн құрады.

Ираннан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: өзге де жаңғақтар; жас немесе кептірілген құрма, інжір, ананас, авокадо, гуайява, манго; жаңа піскен немесе кептірілген алма, алмұрт және айва; жаңа піскен немесе кептірілген жүзім болып табылады. Сондай-ақ: стирол полимерлері, жылтыратылмаған керамикалық плиткалар, сулы емес ортадағы синтетикалық полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар.

  • 14.10.2021
  • 239
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика