• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясы 2022 жылдың басына жоспарланған

ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаевтың Тегеранға сапары аясында Иран Ислам Республикасының бірқатар мемлекеттік құрылымдарымен келіссөздер өтті. Кездесулер шеңберінде екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың, сауда байланыстарын тереңдетудің ағымдағы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының күн тәртібі мен өткізу мерзімдері талқыланды.

Осылайша, ИИР Индустрия, өнеркәсіп және сауда министрлігіндегі кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендігін атап өтті.

Қайрат Төребаев «біздің елдеріміздің өзара саудасының үлкен іске асырылмаған әлеуеті бар. Біздің жақын арадағы мақсатымыз -10 жыл бұрынғы тауар айналымының көлеміне оралу».

ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі ирандық әріптесін Қазақстанда ұлттық және Еуразиялық тауар өткізу жүйесін (ЕТЖ) құру бойынша іске асырылып жатқан бағдарлама туралы хабардар етті. Ол Иран тарапына тауар өткізу жүйесіне қосылу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. «Иран үшін Қазақстан аумағындағы логистикалық орталықтар Еуразиялық одақ нарығына тікелей кіру нүктесі, «бірыңғай терезе» бола алады. Бұл ретте Қазақстаннан және ЕАЭО нарығынан Иранға тауарлардың кері ағыны қамтамасыз етілетін болады», - деді Төребаев.

ИИР Индустрия, өнеркәсіп және сауда вице-министрі Алиреза Пейман Пак қазақстандық делегацияға Иран үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ басым бағыт болып табылатын сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын әзірлеп жатқанын хабарлады. «ЕАЭО-да біз үшін Қазақстан мен Ресей ерекше орын алады»,-деп атап өтті ирандық вице-министр.

Пейман Пак мырза ИИР индустрия, өнеркәсіп және сауда министрлігі «Иранда қазақстандық өнімдерді ілгерілетуге барынша көмек көрсетуге дайын» деп сендірді.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін талқылап, импорттаушылар мен сұранысқа ие тауарлар тізбелерімен алмасуға келісті. Сондай-ақ, Үндістан-Иран-ЕАЭО көлік дәлізінің шығыс Каспий тармағы бойынша трафикті арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, өзара сауданы тежейтін бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы джихад министрлігінің сауданы дамыту жөніндегі министрінің орынбасары Омид Гиланпурмен келіссөздер өтті.

Аталған министрлік Иран тарапынан Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады.

Тараптар 2022 жылдың басында кезекті ҮАК өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ күн тәртібіне шығарылуы мүмкін мәселелерді талқылады.

Кездесу тақырыптарының бірі Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша экспортқа бағдарланған бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі болды. Иран тарапы Еуразиялық экономикалық одақпен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге Қазақстанның жәрдемдесуіне үміт білдірді.

Оңтүстік-Солтүстік дәлізі бойынша логистикалық бағыттарды дамыту мәселелерін Қайрат Төребаев Иранның Жол және қала құрылысы вице-министрі, Басқарма Төрағасы және Темір жол президенті Саид Расудимен талқылады.

«Ковид бүкіл әлемде сауда форматтарын айтарлықтай өзгертті. Қытайдың шекаралық тыйымдары балама маршруттардың дамуын ынталандырады. Соның аясында Иран бағыты қызықты болуда», - деп атап өтті Қайрат Төребаев.

Транзиттік контейнерлерді жеткізу сапасы, тариф белгілеу және қызмет көрсету мерзімі (transit-time) туралы мәселе көтерілді.

Иранның вице-министрі «Иранның темір жолдары тарифтерді төмендету мәселесін қарауға дайын» деп сендіріп, ынтымақтастыққа толық дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол Иран қазақстандық тауарларды басқа өңірлерге тасымалдау бойынша логистикалық алаң болуға дайын екеніне сендірді.

Екі ел бизнесінің ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Иран Сауда-Өнеркәсіп, Тау-кен өндіру және Ауыл шаруашылығы палатасының президенті Голамхосейн Шафеймен талқылады.

Шафей мырза хабарлағандай, Иран тарапы Қазақстанмен мұнай-газ, АӨК, металлургия және т.б. салалардағы ынтымақтастық әлеуетінің, сондай-ақ ол Иран тарапы өнеркәсіптік кооперация үшін - өнімді кейіннен Иранға және үшінші елдерге экспорттау үшін ҚР аумағында өндірістер құру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін көретіндігін айтты.

Ресми келіссөздерден басқа Қайрат Төребаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен: ритейлерлермен, трейдерлермен, логистикалық, қаржылық, машина жасау және басқа да компаниялармен кездесулер өткізді.

  • 14.10.2021
  • 211
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика