• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade экспорттық процедураларды жеңілдету үшін жұмыс істейді

«QazTrade» АҚ басшылығы 2021 жылғы 13 қазанда Алматы қаласында басталған 24-ші Қазақстандық халықаралық «Көлік және логистика» көрмесіне қатысты.

«Көлік және логистика нарығы» III халықаралық конференциясының панельдік сессияларының бірінде «QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы «Экспорттық логистиканы дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар экспорттық логистикадағы ағымдағы жағдай мәселелерін, отандық экспортты сыртқы нарықтарға жылжытудағы кедергілер мен проблемаларды, сондай-ақ экспорттың көліктік проблемаларын шешуге бағытталған жаңа логистикалық өнімдерді әзірлеуді талқылады.

Атап айтқанда, Азамат Асқарұлы Қазақстандағы көлік-логистика жүйесінің ерекшеліктерін, оның ішінде біздің республикамыздың Қытай, Орталық Азия, Иран, Кавказ және Ресей нарықтарындағы логистика тұрғысынан артықшылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол осы саладағы жағдайды жақсарту үшін бірқатар шараларды атап өтті. Атап айтқанда, «QazTrade» басшысы экспорттық рәсімдерді жеңілдету, отандық өндірушілерге зиян келтірместен тауарлар импортына бақылауды күшейту бойынша кешенді шаралар жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, ол отандық өнімді сатуды жақсартуға арналған жобалар туралы хабарлады. Оның айтуынша, қазақстандық өнімді өткізудің заманауи және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру үшін 2024 жылдың соңына дейін 24 көтерме-тарату орталығын (КТО) кезең-кезеңмен салу жобасы іске асырылады. Олар тауар өткізу жүйесінің негізгі қатысушылары арасындағы байланыстырушы буынға айналады және өндірушілерді, ретейлерлер мен жеткізушілерді бір кластерге біріктіреді. Бұдан әрі КТО ұлттық желісі әлемдік азық-түлік хабымен интеграцияланатын болады, деп атап өтті спикер.

Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық орталығын, Батыс Қазақстан облысының аумағында «Еуразия» сауда-өнеркәсіптік хабын құру экспорттың артуына ықпал ететін болады, деп хабарлады Азамат Асқарұлы. Сондай-ақ, аграрлық өнімдерді тасымалдауға арналған Агроэкспресті (агропоездар) дамыту жоспарлары да бар. «KTZ Express» АҚ-мен бірлесіп, құрама жүктерді контейнерлерде Қытайға жеткізу бойынша логистикалық өнім әзірленді.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар қазақстандық кәсіпкерлердің электрондық сауданы жүзеге асыруы кезінде жүктердің ұсақ партияларын экспорттау мәселелеріне, оның ішінде почта операторларымен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларға ерекше назар аударды. Мысалы,  «QazTrade» АҚ-ның «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп почта экспортын ұйымдастыру және сұранысқа ие экспорттық тауарлар базасын қалыптастыру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, «QazTrade» АҚ-ның «Қазпочта» АҚ-мен және «Ресей почтасы» АҚ-мен электрондық сауданы іске асыру үшін қазақстандық компанияларды Германиядағы «Ресей почтасы» АҚ фулфилмент-орталығына шығару бойынша ынтымақтастық жобасын іске асыру ұсынылады.

Айта кетейік, «QazTrade» өңделген өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру, атап айтқанда көлік шығындарын өтеуде өндірушілерге түрлі қолдау шараларын көрсетеді. Бүгінгі таңда 700 мың тонна дайын өнімді тасымалдауға арналған көлік шығындары өтелді. Бұл ретте экспорттың басым бөлігі Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты елдерге тиесілі. Экспорттық жеткізілімдер географиясын кеңейту міндеті қойылды.

Сонымен қатар, «QazTrade» отандық өндірушілерге халықаралық электрондық платформаларға шығу үшін де көмек көрсетуде, бұл шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге қызығушылықты тудырды. Сондай-ақ, «Ready for Trade-Central Asia» жобасы аясында сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша ұлттық порталды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті спикер.

  • 14.10.2021
  • 289
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика