• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«EXPO» халықаралық көрме орталығында KazAgro/KazFarm 2021 халықаралық аграрлық көрмелері өтеді

2021 жылғы 20-22 қазан аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен KazAgro/KazFarm 2021 халықаралық аграрлық көрмелері өтеді.

Биыл KazAgro/KazFarm 2021 көрмесін өткізу еліміздің мерейтойымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс кеп тұр.

KazAgro/KazFarm 2021 Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі аграрлық секторының ілгерілеуі мен дамуын көрсететін алаңға айналады. Бұл көрмелерге 20 елден 120 экспонент-компания қатысады.

Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету, агробизнес өкілдерін саланың табысты дамуы үшін қажетті және іскерлік байланыстармен қамтамасыз ету, түйткілді мәселелерді талқылау үшін диверсификацияланған диалог алаңын ұсыну, оларды шешу жолдарын табу, іскерлік келіссөздер өткізу, сондай-ақ қатысушылардың брендтері мен олардың өнімдерін ілгерілету.

Айта кетерлігі, бұл жаңа «EXPO» ХКО-да дәстүрлі форматта өтетін алғашқы аграрлық көрме.

Көрме аясында қазақстандық нарыққа өндірушілер мен дистрибьютерлер ұсынатын ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа өнімдер ұсынылады.

Көрмелердің жұмысы барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспорты, АӨК-ке инвестициялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларының өндірістегі қолжетімділігі, өсімдік шаруашылығын дамыту проблемалары тақырыбында семинарлар өткізіледі. Көрменің мал шаруашылығы бөлімі де өндірістегі инновацияларға арналады, құрғақшылықты реттеудің өткір мәселесін шешуге және жемшөп өндірісін арттыруға көп көңіл бөлінеді. KazAgro/KazFarm 2021 көрмелерінде ҚР-дағы ірі қара малдың барлық тұқымдары арасында ауқымды аукцион және конкурс өткізіледі.

Бағдарламаның басты оқиғаларының бірі Республикалық ақбас тұқымы палатасының мерейтойлық съезі болады. Көрмелердің эксклюзивті серіктесі «Қазақ ақбас тұқымының Республикалық Палатасы» Палата мүшелерімен және бизнес-серіктестермен фермаларға, семинарларға және шеберлік-кластарға қатысу мүмкіндігімен ірі халықаралық конференция өткізеді. Көрменің негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан аграрилеріне жергілікті және әлемдік тәжірибелерге негізделе отырып, бірқатар міндеттерді шешуге көмек көрсету болады.

Өз стендінде бас демеуші Ростсельмаш компаниясы АӨК-ке арналған ақылды электрондық жүйелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының жаңа және өзін көрсете білген модельдері: комбайндар, тракторлар, топырақ өңдеу, егіс техникасын ұсынады.

Еуропалық техниканы өндіру саласындағы инновациялармен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік ірі өндірушісі – CLAAS неміс компаниясы зауытының ашылуы туралы жаңалықтармен Қазақстандағы ресми өкілі «СТ-Агро» компаниясы таныстырады.

«Өсімдік шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы» блогын өсімдіктердің демонстрациялық сорттарымен, селекцияның жаңа технологияларымен, тиімді тыңайтқыштармен, зертханалық жабдықтармен ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (АШТӨ) таныстыратын болады. Мысалы, Kusto Group құрылымына кіретін жетекші Kazseeds тұқым өсіру компаниясы «Әлия» және «Айша» гибридтерінің жаңалықтарын және америкалық селекцияның жем-шөп дақылдарының жоғары өнімді тұқымдарын ұсынады, басқарудың маңызды салаларында: құнарлылық, арамшөптермен күрес, отырғызу нормасы, жабдықты баптауда дербестендірілген ұсынымдар береді.

Көрмелер кезінде кез келген секторда қозғаушы күш болып табылатын озық инновациялар кеңінен жария етілетін болады. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ стенді отандық аграрлық ғылымның соңғы жетістіктерін, қажетті және өзекті өнімдері мен қызметтерін көрсетеді.

COVID-19 вирусының пандемиясына байланысты көрмелер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып өткізіледі, ал делегаттардың көрмелерге кіруі ASHYQ бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша М. Қуанышбаевқа келесі байланыс телефоны арқылы хабарласыңыз: +7 707 148 80 44, электрондық пошта: m.kuanyshbayev@qazexpocongress.kz және Р. Берекешоваға келесі байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыз: +7 707 705 90 10.

  • 14.10.2021
  • 244
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика