• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Шәпкенов Президент қойған міндеттердің іске асырылуы туралы хабардар етті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтып берді.

Бейнеконференцбайланыс режиміндегі іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, вице-министрлер, Еңбекмині департаменттерінің директорлары мен қоғамдық кеңес мүшелері, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары қатысты.

Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жаңа Жолдауында Еңбекминінің алдына бірқатар міндеттер қойғанын еске салды.

«Президенттің тапсырмаларын орындау үшін кәсіптік біліктілік туралы заң жобасын және көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары басталды. Жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын формализациялау бойынша ұсыныстар әзірленеді, ең төменгі жалақының жаңа мөлшерін белгілеу, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысын арттыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Жаңа Әлеуметтік кодексті әзірлеу жұмыстары жалғасуда», – деді министр.

Еңбекминінің басшысы жаңа заң жобасы біліктілік пен дағдыларды тануға, біліктілікке сәйкестікті бағалаудың үйлестірушісі болуға тиіс Біліктіліктер жөніндегі ұлттық орган құруға бағытталатынын нақтылады.

Шәпкеновтің айтуынша, құжат біліктілікті тану жүйесінің бірыңғай талаптарын белгілеуді және біріздендіруді, сондай-ақ мамандықтарға қолжетімділікті реттеу тәсілдерін бекітуді қамтамасыз етеді.

«Президент көші-қон процестерінің еңбек нарығына үлкен әсерін атап өтті. Өзгеріп отырған жағдайларды ескере отырып, Көші-қон саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады, ол мыналарды көздейді: оңтүстіктен солтүстікке өңіраралық көші-қонды арттыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету; шетелде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетігін құру; қандастарды республикаға тұрақты тұру үшін көшуге жағдай жасау; шетелдік мамандарды тартудың реттелетін және икемді жүйесін қамтамасыз ету», – деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Ол жаңа Тұжырымдама аясында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тетігі қайта форматталатынын айтты.

«Оңтүстік өңірлерден келген жұмыскерлерді өз бетінше жұмысқа жалдайтын және орналастыратын жұмыс берушілер үшін мемлекеттік қолдау алу тетігі оңайлатылып, кеңейтілетін болады. Бұл шара оларды қоныс аудару бағдарламаларына белсенді қатысуға ынталандыратын болады», – деді министр.

Еңбекминінің басшысы сондай-ақ цифрландыру жұмыспен қамтудың жаңа нысандарының пайда болуына алып келгенін атап өтті. Мысалы, бұл Uber платформасында, Яндекс-такси-де жұмыс істейтін жүргізушілер, wolt курьерлері және т.б. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша соңғы 10 жылда интернет-платформалар саны бес есеге, 2010 жылғы 142-ден 2020 жылы 777-ге дейін өскен. Сондықтан Еңбекмині әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын реттеу тетігін әзірлейтін болады.

«Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларына сәйкес еңбекақы төлеуді арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Біріншіден, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Бұл шара 1 млн 670 мың жалдамалы жұмыскердің ақшалай табыстарының өсуіне алып келеді. Бұл сондай-ақ разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа да қызметкерлердің кірістерін арттыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, бұрын жалақысы арттырылмаған азаматтық қызметшілердің 590 мың жекелеген санатының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. 2022 жылдан бастап олардың жалақысы жыл сайын 20% - ға артып, 2025 жылға қарай екі есеге өседі. Ең төменгі айлықақы 49-дан 60 мыңға дейін немесе 22%-ға арттырылады», – деді Серік Шәпкенов.

Сөз соңында министр Мемлекет басшысының әлеуметтік масылдықты төмендетуге және шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге қатысты берген тапсырмалары жаңа Әлеуметтік кодексте ескерілетінін атап өтті.

Әлеуметтік кодекс халықтың әл-ауқатына ықпал ететін әлеуметтік саясаттың жаңа тәсілдерін жинақтайды. 

  • 15.10.2021
  • 255
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика