- Блогтар
- Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.
ҚР Көлік министрі
Қала кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің бірыңғай геопорталы
Қала құрылысын жоспарлау республикалық орталығында қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің бірыңғай геопорталының жобалық мүмкіндіктері таныстырылды.
Геопортал инженерлік коммуникациялардың цифрлық деректерін, цифрлық бас жоспарларды және егжей-тегжейлі жоспарлауды қамтиды. Болашақта ол елді мекендерді салу жөніндегі қызметті бақылау үшін қала құрылысы регламенттері мен инфрақұрылымның салалық есепке алу жүйесіне айналмақ.
Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау жүйесінің жұмысын, аумақты дамытудың ағымдағы мәселелерін және өңірлердегі инженерлік коммуникацияларды цифрландыру деңгейін талқылады.
Қазіргі уақытта қала құрылысы кадастры ел аумағының шамамен 60%-ның (аудан орталығы деңгейіне дейін) цифрлық инженерлік коммуникацияларын қамтиды.
Өңірлік геопорталдармен және жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялық жұмыстарды аяқтауды, Көкшетау және Павлодар қалаларында қала құрылысы кадастрының деректерін үздіксіз өзектендіруді енгізудің пилоттық жобасын іске асыруды, сондай-ақ қала құрылысына жаңа стандарттарды енгізуді және жобаларды қала құрылысы сараптамасы жүйесін ескере отырып, функционалын кеңейтуді тапсырылды.
- 19.10.2021
- 390