• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade экспорттаушыларға арналған жаңа оқыту бағдарламасын іске қосты

Жаңа бастаған немесе тек экспортқа шығуды жоспарлап отырған шағын және орта бизнеске арналған жаңа оқыту бағдарламасы – «Ақылды экспорт» бизнес-практикумы басталды.

10 күн ішінде онлайн-форматта https://smartexport.qaztrade.org.kz / сайтында тіркеуден өткен кез келген бизнесмен экспорт саласындағы ең өзекті тақырыптар бойынша 17 вебинардың қатысушысы бола алады. Әрбір вебинарды экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы үздік қазақстандық және шетелдік сарапшылар өткізеді және практикадан мысалдар келтіріледі.

Вебинарлардың тақырыптары QazTrade компаниясына бизнестің жиі қоятын сауалдары негізінде құрастырылған.

Оқудың бірінші күні Қытай нарығына шығудың қыр-сырына және сыртқы нарықтарда В2В келіссөздер жүргізудің тиімді стратегиясына арналған. Вебинарларға түрлі қазақстандық компаниялардың 160-қа жуық өкілдері қатысты.

10 күн ішінде оқытуға қатысушылар мынадай тақырыптар бойынша құзыреттіліктерін арттырады: ЕО-ға тамақ және өнеркәсіп өнімдерін экспорттау алгоритмі; АСЕАН елдеріне экспорттау ерекшеліктері: кейстер мен құралдар; бәсекеге қабілетті экспортты ұйымдастыру; кәсіпорын деңгейінде экспорттық стратегияны әзірлеу; стратегиялық маркетинг: сыртқы нарықтарда сатуды қалай ұлғайту керек; зияткерлік меншік объектілеріне меншік иелерінің құқықтарын қорғау ерекшеліктері; экспорттық логистика: трендтер, ерекшеліктер, жоспарлау, экспорттық lcl тасымалдарын ұйымдастыру; жасыл және төмен көміртекті экономикаға көшу; ЕАЭО бизнес үшін: тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты; дистрибуцияны құру қағидаттары және сыртқы нарықтарда операциялық қызметті ұйымдастыру және басқалар.

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін оқыту - тегін.

QazTrade компаниясының Бас директоры Азамат Асқарұлының айтуынша,  «компанияның міндеті - қазақстандық кәсіпкерлерге олардың тауарларын сыртқы нарықтарға шығару кезінде жәрдемдесу. Тез өзгеретін нарықтар мен халықаралық саудадағы жоғары бәсекелестік жағдайында бизнесті аналитикалық және білім беру қолдауы бірінші орынға шығады. QazTrade компаниясы өткен жылы экспорттық құзыреттерді өсірудің белсенді бағдарламасын – экспорттық акселераторды іске қосты. «Ақылды экспорт» – бұл жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған экспорттаушыларға экспорттық қызметтің көптеген бағыттары бойынша өз білімдері мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін тағы бір жаңа және өте талап етілетін жоба».

Қазақстандағы алғашқы «Ақылды экспорт» бизнес-практикумын QazTrade Academy әзірледі және оны «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы индустрия кәсіпқойларын экспорттық қызметтің негізгі және өзекті бағыттарына тегін оқытуды ұсыну арқылы елдің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бастамасы бойынша іске асыруда.

«Ақылды экспорт» бизнес-практикумы 2021 жылдың 18 қазанынан 27 қазанына дейін онлайн форматта өтеді.

Бизнес-практикумныңтолық бағдарламасы және тіркелу: smartexport.qaztrade.org.kz

«QazTrade» АҚ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы және шикізаттық емес өнімнің экспортын дамыту мен ілгерілету жөніндегі негізгі институт болып табылады және қызметтер мен мемлекеттік қолдау шараларының кең спектрін ұсынады. Институт консультациялық-талдамалық қолдау, экспорттық акселерация бағдарламасы, қазақстандық кәсіпорындарды халықаралық электрондық сауда алаңдарына шығару, тауарларды шетелге жылжыту және тасымалдау, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың сервистік шараларын көрсету сияқты құралдардың операторы болып табылады.

  • 26.10.2021
  • 199
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика