• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Qaztrade Каспий маңы елдерімен өзара сауданы арттыру үшін бірқатар шараларды ұсынды

2021 жылғы 19 қазанда Ақтау қаласында (Қазақстан) «Каспий порттары және кеме қатынасы 2021» 2-ші халықаралық көрмесі және конференция басталды, оған «QazTrade» АҚ-ның басшылығы қатысты.

20 қазанда «QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы «Каспий теңізі аймағында әлемдік экономикаға қызмет көрсету үшін сауда сұранысын пайдалану» конференциясының панельдік сессиясының спикері ретінде «Каспий теңізі порттары арқылы сауданы ұлғайту» тақырыбында баяндама жасады.

Атап айтқанда, Азамат Асқарұлы Транскаспий бағыттары мен Қазақстандық Каспий порттарының артықшылықтарын, сондай-ақ олардың Каспий маңы елдерімен өзара сауданы арттырудағы рөлін атап өтті. Осылайша, Транскаспий халықаралық көлік бағыты отандық өнімді Кавказ, Түркия және Еуропа нарықтарына ілгерілету үшін белсенді түрде пайдаланылуда. Сондай-ақ, қазіргі шектеулерге қарамастан, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия нарықтарына шығу мүмкіндігімен Иран бағытындағы Солтүстік-Оңтүстік дәлізі үлкен әлеуетке ие болуда.

Сонымен қатар, ол бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар жасау, өзара логистикалық сервистерді дамыту, экспорттық рәсімдерді оңайлату қажеттігін де атап өтті, бұл сауданың тауар номенклатурасын әртараптандыру және кеңейту үшін күшті серпін беруі мүмкін.

Бұдан басқа, Азамат Асқарұлының айтуынша, 24 көтерме-тарату орталығын (КТО) салу жоспарланып отырған Қазақстанның жалғыз теңіз қақпасы болып табылатын Ақтау және Құрық порттары Каспий маңы елдерімен, Түркиямен және Еуропамен экспорттық-импорттық ағындарды бөлуге қатыса отырып, бірыңғай тауар өткізу жүйесіне интеграцияланатын болады.

Сондай-ақ, ол «QazTrade» компаниясы өңделген өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру үшін, атап айтқанда, кәсіпорынды идеядан жаңа нарықтарға өнім жеткізуге дейін сүйемелдеуді көздейтін экспорттық акселерация бағдарламасы аясында өндірушілерге қолдау көрсетудің түрлі шаралары туралы хабарлады. Бұл ретте, Каспий өңірі мен Түркия 2022 жылға арналған осы бағдарламаны дамытудың перспективалы бағыттарының бірі болып табылады,- деп атап өтті спикер.

  • 26.10.2021
  • 199
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика