• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының нарықтары үшін QazTrade Accelerator 2021-дің екінші кезеңінің қатысушыларын таныстырды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы QazTrade РФ және ҚХР нарықтарына бағдарланған экспорттық акселерация 2021 бағдарламасының екінші кезеңіне қатысушылардың жаңа құрамымен алғашқы кездесу өткізді.

«QazTrade» ССДО» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол: "... бағдарлама аясында тамақ, жеңіл, химия және машина жасау салаларының 2000-ға жуық кәсіпорны қамтылды. Оның ішінде 350 кәсіпорын export.gov.kz сайты арқылы Бағдарламаға қатысуға өтінім берді. Бұл өте жақсы нәтиже деп есептейміз, бұл Қазақстанның бизнес қоғамдастығы арасында осы құралдың қажеттілігін көрсетеді» деп атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада спикерлер ретінде PwC халықаралық консалтингтік компаниясының акселерация Бағдарламасының серіктесі Наталья Лим (PwC Қазақстан серіктесі), Михаил Магрилов (PwC Ресей серіктесі), Мырза Сокуров (PwC Қазақстан директоры) сөз сөйлеп, қатысушыларға Бағдарламаны іске асырудың негізгі кезеңдерін ұсынды.

Сессияға 2020 жылғы бірінші экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушысы, «Mareven food Tian Shan» ЖШС сату бөлімінің басшысы Мирас Қилыбаев, шақырылды, ол: "...бағдарлама жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан экспорттаушыларға бағытталған. Біздің компания табылған қытайлық бизнес-байланыстар мен В2В кездесулерін өткізуді пайдалы деп тапты. Біз осы компаниялармен іскерлік қарым-қатынасты жалғастырамыз. Біз Қытай нарығына экспорттау бойынша білікті сараптама мен қолданбалы білім алдық".

Оқыту вебинарларының сериясы Ресей нарығын шолудан басталды, оны Ресей Федерациясының Сыртқы сауданы және халықаралық сауда қатынастарын дамыту жөніндегі кеңес басқармасының төрағасы Максим Черешнев ұсынды.

Ресей дәстүрлі түрде Мәскеудің ірі сыртқы сауда серіктестері арасында 2-ші орын алатын Қазақстанның стратегиялық сауда серіктесі болып табылады. Көрші елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында $16,1 млрд құрады. Алайда, екі ел арасындағы сауда қызметінің географиясы өте тар. Қазақстанға өнімді экспорттайтын негізгі аймақтар - Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург. Қазақстаннан өнімді импорттайтын негізгі өңірлер - Мәскеу, Свердловск және Челябинск облыстары.

Вебинарға қатысушылар PwC Шанхай кеңсесінің қызметкерлері дайындаған Қытай нарығы бойынша зерттеу материалын алды, қатысушылар азық-түлік тауарларының негізгі санаттарына сұраныстың ағымдағы құрылымын, Қазақстаннан Қытай нарығына шикізаттық емес тауарлардың кіру рәсімдері мен ерекшеліктері туралы білді. Сауда көлемі бойынша Қытай Қазақстанның экспорт құрылымындағы ең ірі серіктестердің бірі болып табылады. ITC мәліметтері бойынша, 2020 жылы қазақстандық компаниялар Қытайға 9 млрд АҚШ долларына өнім экспорттады, алайда бұл Қытайдың жалпы импортының бір пайызынан төмен. Бұл елдің шикізаттық емес бейіндегі отандық компаниялар үшін әлеуеті зор.

Айта кетейік, ШОБ үшін экспорттық әлеуетті арттыру бойынша жаңа құрал ретіндегі Экспорттық акселератор-2021 біздің компаниялардың Ресей мен Қытайдың мақсатты нарықтарына шығуына жәрдемдесуге бағытталған. Бағдарламаның пилоттық жобасы өткен жылы іске қосылды.

Экспорттық акселератор бағдарламасымен 2021-2025 жылдар аралығында 1000-ға жуық отандық тауар өндірушілерді қамту жоспарлануда. Олардың 30%-ы бұрын экспорттық қызметте өздерін сынап көрмегендер және олар өздерінің алғашқы экспорттық келісімшарттарын алады, 70%-ы - экспорттық қызметке қатысушылар, олар өздерінің экспорттық көлемдерін ұлғайтады немесе өздері үшін тұрақты жеткізілімдері бар жаңа нысаналы нарықтарды ашады.

Кездесуге мына сілтеме бойынша жазуға болады: https://youtu.be/1siDThVwHzk

  • 26.10.2021
  • 197
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика