• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
35 кәсіпорын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QAZTRADE ACCELERATOR» экспорттық акселерация бағдарламасының келесі кезеңіне өтті

Бүгін 2020 жылға арналған «Экспорттық акселератор» бағдарламасына қатысушы қазақстандық компаниялардың іріктеу қорытындылары шығарылды.

Бағдарламаға қатысуға 97 компания өтінім берді (олардың 74-і экспорттық тәжірибесі бар кәсіпорындар). Халықаралық сарапшылардың бағалауы нәтижесі бойынша бағдарламаның келесі кезеңдеріне қатысуға 35 компания іріктелді.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов экспорттық акселерация бағдарламасының алғашқы оқыту вебинарының кіріспе сөзінде - «Аталған компаниялардың арасында экспорт саласына жаңадан келгендер де бар (2 компания өз өнімдерін бұрын шетелге сатпаған), сондай-ақ бұрын бір реттік (санаулы) жеткізуді жүзеге асырған компаниялар да бар. Олардың мақсаты – шетелдік нарықтарда ұзақ мерзімге орналасу», - деп хабарлады.

Биылғы жылы акселерация бағдарламасының аясында қытайлық сатып алушылармен экспорттық келісімшарттар жасау үшін басты назарды тамақ өнеркәсібіне  аудару туралы шешім қабылданды.

«Қытай сияқты ірі нарықты игеру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі», - деп түсіндірді министр. Оның пайымдауынша, «Қытай нарығының ауқымына қарамастан, оған қол жетімділік деңгейі шектеулі. Бұған себеп – экспорттық процедураның ұзақтығы (шамамен 90 күн) және нарықтың ерекшелігі. Шығарылған өнім қандай керемет және пайдалы болса да, тиісті жарнамасыз және орамасыз, өкінішке орай, оны сату қиынға туады. Акселератордың міндеті – кәсіпорындарды бастапқы кезеңдерден бастап өз өндірісін сыртқы нарықтарға бағыттауға үйрету. Мысалы, егер сіз Қытайға экспорттауға ниеттенсеңіз, алдымен Қытай техникалық регламенттерінің барлық талаптары мен маркетингтік ерекшеліктеріне сәйкес келетін өнімді өндіруіңіз керек. Аталған және басқа да мәселелерді біз бағадарламаны жүзеге асыру аясында қарастыратын боламыз».

«Біздің өнімдер жоғары сапалы болғандықтан сұранысқа ие, дегенмен бірқатар себептерге байланысты біздің тауарлар Қытай дүкендерінің сөрелерінде жеткілікті түрде ұсынылмаған. Акселератордың міндеті – отандық өнімдеріміздің Қытай нарығында ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз ету», - деді «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Арман Абенов.

Бағдарламаның екінші кезеңі шеңберінде (қыркүйек-қараша) QazTradе сарапшылары Pricewaterhouse Coopers компаниясының халықаралық сарапшыларымен бірлесіп әрбір қатысушы үшін егжей-тегжейлі профиль жасайды. Онда экспорттаушы компанияның күшті және әлсіз жақтарына талдау жүргізіледі, әлеует деңгейі (экспорттық нарық үшін бәсекелестік ерекшеліктері, өнім сипаттамасы, Қытайға экспорттың дайындық дәрежесі және т.б.) айқындалады. Сондай-ақ қатысушы компанияның профилі шет ел нарығында қазақстандық өнім үшін техникалық регламент талаптары сияқты ақпаратты да қамтитын болады. Мақсатты нарыққа шығудың одан әрі қадамдары бойынша ұсыныстар да қатысушы компаниялардың профилінде көрсетілетін болады.

Бағдарламаның соңғы кезеңдерінің бірі – іріктелген 35 компанияның Шанхайдағы 3-ші Дүниежүзілік CIIE-2020 импорттық көрмесіне қатысуы. Көрме соңғы жылдары кәсіпорындар арасында мәмілелер жасаудың негізгі әлемдік алаңына айналды.

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Арман Абенов айтып өткендей, бағдарламаға қатысуға өтінім берген, бірақ іріктеуден өте алмаған компаниялар келесі жылдары бағдарламаға қатысушылардың резервін толықтырады.

Абеновтың айтуынша, бірде-бір кәсіпорын көмексіз қалмайды – ағымдағы жұмыс шеңберінде барлық компаниялармен олардың экспорттық мүмкіндіктерін бағалау және олардың өнімдерін шетелдік нарықтарға жеткізуге арналған келісімшарттарды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

ҚР СИМ  баспасөз қызметі

  • 25.08.2020
  • 303
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика