- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
ҚР Сауда және интеграция министрлігі тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу мәселелері бойынша Интернет-конференция өткізеді
Құрметті достар!
Сауда және интеграция министрлігі үшін сіздермен кері байланыс орнату өте маңызды.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу мәселелері жөнінде қазақстандықтардың пікірін зерделеу және түсіну үшін ағымдағы жылы 26 тамызда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін «Ашық диалог» порталында Интернет-конференция өткізіледі, оның барысында сіздер Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары – Тынысбеков Асқар Станиславовичке қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Интернет-конференцияға қатысу үшін 26 тамызда сағат 9.00-де https://dialog.egov.kz/conference/1337 сілтемесі бойынша өтуіңізге болады.
Интернет-конференцияға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
- 25.08.2020
- 290