- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
Мен сіздерге бұрыннан жұмыс істеп жатқан тұтынушылардың шағымдарын қабылдаудың жаңа бірыңғай ақпараттық жүйесі туралы айтып беруге ұзақ уақыттан бері уәде беріп келемін. Айтылған уәдемді орындаймын. Біз ақпараттық жүйені не үшін құрып жатырмыз? Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесімен максималды қамтуды қамтамасыз еткіміз келеді. Сонымен бірге азаматтардың мемлекеттік органдармен және бизнеспен байланысу рәсімдерін жеңілдетеміз. Түсіндіріп өтейін. Жыл сайын түрлі ведомстволарға тұтынушының құқықтарын бұзу туралы 30 мыңнан астам өтініш келіп түседі. Бірақ қазақстандықтар жай ғана "араласпауды"жөн көретін жағдайлар бұдан да көп. Тұтынушы көбінесе өзінің құқығын білмейді, сатушымен дауды шеше алмаған жағдайда, қайда жүгінетінін түсінбейді. Бұл мәселені сотқа жеткізгісі келетіндер де аз, сотқа жеткізген жағдайда олар ұйымдардың, құқық қорғаушылардың, адвокаттардың жұмысына ақы төлеуі керек. Мысалы, егер сіз сүт пакетін сатып алу кезінде сіздің құқығыңыз бұзылса, онда дауды бастау энергия, уақыт, жүйке және ақша тұрғысынан орынсыз. Сондықтан біз цифрлық технологияларды көмекке шақыруға шешім қабылдадық. Бірыңғай жүйе дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? Бірыңғай жүйе – бұл азаматтар (ал әрбір азамат-тұтынушы), қызмет көрсетушілер мен мемлекеттік органдар біріктірілетін платформа. Жүйе-бұл өтініштерді берудің және олардың қаралуын бақылаудың бірыңғай терезесі. Іс жүзінде бұл келесідей болады. Әрбір сауда ұйымына QR-код түрінде көрінетін жерде орналастырылатын өзінің жеке идентификаторы тағайындалады. Мысалы, дүкеннің алдыңғы есігінде немесе такси әйнегінде. Егер сатып алушы оның құқығы бұзылды деп санаса, телефондағы арнайы қосымша арқылы кодты сканерлейді және жүйеге шағым жібереді (бірақ оны веб-сайт немесе әлеуметтік желілер арқылы да жіберуге болады). Мысал ретінде:осы дүкенде мені алдап кетті/баға белгілері дұрыс жазылмаған немесе теледидарды кепілдікпен жөндегілері келмеген/такси чек бермеген деген шығымдар қабылданады. Ақылды жүйе бұл шағымды қай мемлекеттік органға жіберу керектігін автоматты түрде таниды. Тұтынушыға ерекше назар аударылады. Сіздің шағымыңыз, мысалы, полицияда, Техникалық реттеу және метрология комитетінде (ТРМК) немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде (ТҚҚК) қаралады. Біраз уақыттан кейін - нәтижесі шығарылады. Бірақ ең бастысы, тұтынушы кімге шағымданады және кызмет көрсетушінің үстінен қандай шағым түскенін көре алады. Бұл дауды бірінші кезеңде шешуге мүмкіндік береді (бұл заңнамаға енгізілген соңғы түзетулерді ескере отырып, бизнес үшін әлдеқайда тиімді етіліп жасалған). Кәсіпкерлер үшін бұл өз бизнесінің клиентке бағдарлануының өзіндік индикаторы болады: тұтынушылардың бағалауы бойынша осындай рейтинг қалыптасады. Мемлекет үшін шағымдарды жинау мен өңдеудің осындай бірыңғай жүйесі елдегі өтініштердің барлық түрлері бойынша жан-жақты талдауларға енгізіледі. Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалық аймақтарды анықтауға және оларды нақты шешуге мүмкіндік береді. Біз «пилоттық жобаны» осы күзде елордамыздың сауда желілерінде сынап көргіміз келеді.Бірақ келесі жылы біз бүкіл ел бойынша басқа да қызмет салаларын қосуды бастаймыз. (Бөлшек сауда таңдалды, өйткені ТҚҚК-не барлық шағымдардың жартысына жуығы дүкендердегі тұтынушылар құқығын бұзуға қатысты). Біздің кәсіпкерлер қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын құрметтеуді үйрету ретінде осындай жүйені құрғымыз келіп отыр. Screen /Тосқауыл /Қалқан / Желі ... Мен жаңа платформа үшін ауқымды және мағыналы атау ойлап тапқым келеді. Өйткені, қайықты қалай атасаңыз, солай жүзеді деген нықыл сөз бар ғой ... Достар , тұтынушы мырзалар, сіздердің ойыңызша: «құқықтарды қорғау қайығы» қалай аталуы тиіс?
- 27.08.2020
- 396