- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының отырысы туралы
Жақында онлайн форматта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының 19-шы отырысының жұмысына қатыстым.
«Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сату қаупіне қарсы күрес» тақырыбында баяндама жасадым.
Әріптестеріме бірлескен жедел-тергеу топтарын құру, сондай-ақ Қазақстан Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының «Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік ХАБ-ын» қызметкерлерді тиісті құзыреттіліктерге оқыту алаңы ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсындым
Қорытындысы бойынша ШЫҰ елдері Бас прокурорларының келесі 20-шы отырысын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластық.
- 02.11.2021
- 418