• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандық бизнес Шанхай импорттық көрмесіне дайындалуда

5 қарашада Шанхайда 4-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі (КХИК) басталады. Ол үш блоктан тұрады: Ұлттық көрме, коммерциялық көрме, «Хунцяо» халықаралық сауда-экономикалық форумы. Биылғы жылы көрме гибридтік форматта өтеді, онда өнім үлгілерін нақты түрінде орналастыру және кәсіпорындардың қашықтықтан қатысуы көзделеді.

Қазақстан 2018 жылдан бастап жыл сайын КХИК коммерциялық және Ұлттық көрмелеріне қатысуда.

Қазақстанның 4-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысуының ұйымдастырушысы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ болып табылады. ҚР бизнесінің КХИК-ке қатысуы экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде қамтамасыз етіледі.

Биыл ҚР-дың виртуалды ұлттық павильонында Қазақстанның экономикалық, мәдени және инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері өтеді.

Қазіргі уақытта ауданы 1,5 млн шаршы метрді құрайтын National Exhibition and Convention Center көрме кешенінде Қазақстан Республикасының коммерциялық павильонын орнату аяқталуда.

Қазақстандық коммерциялық павильонда АӨК саласында жұмыс істейтін 26 қазақстандық кәсіпорынның өнімдері мен экспорттық әлеуеті ұсынылады. Барлық кәсіпорындарға келіссөздердің арнайы бөлмелерінде В2В ықтимал қытайлық серіктестермен Қытай және ағылшын тілдерінде офлайн және онлайн режимдерде келіссөздер жүргізу мүмкіндігі беріледі (сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аударма ұсынылады).

Көрме қорытындысы бойынша соя, жүгері, арпа, зығыр тұқымы, рапс майы, күнбағыс майы, күнбағыс майы, бидай кебек түйіршіктері, сиыр еті, құрғақ бие сүті және т.б. жеткізу үшін шамамен 100 млн АҚШ долл.сомасындағы келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

Шанхай қаласындағы Қытай халықаралық импорт көрмесі Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі - ҚХР) Бас хатшысы Си Цзиньпиннің бастамасы бойынша 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Көрмеге 150 елден 3700-ге жуық компания, сондай-ақ 300 мыңнан астам қытайлық кәсіби сатып алушы қатысады.

Қазақстан алғаш рет КХИК-ке 2018 жылы қатысты. Көрмеге 17 компания қатысты. 2019 жылы Қазақстан ұлттық және коммерциялық павильондарда таныстырылды. Көрмеге 30 қазақстандық тауар өндіруші қатысты. 2020 жылы санитарлық шектеулерге байланысты 35 қазақстандық тауар өндіруші көрмеге қашықтық форматында қатысты. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 135 млн. АҚШ далларынан астам соманы құрады.

Өнімдері көрмеде ұсынылатын өндірістер:

Сиыр етін, қой етін, жылқы етін өндіру және қайта өңдеу; ІҚМ, ұсақ мал субөнімдерін өндіру; ет (тауық етін қоса алғанда), балық өнімдерін өндіру, wet-BLUE жартылай фабрикатын өндіру; техникалық май, ет-сүйек ұнын және сүйек ұнын, сондай-ақ басқа да ет өнімдерін өндіру. Өсімдік майларын өндіру. Табиғи және қалпына келтірілген шырындар, жеміс-көкөніс консервілері өндірісі. Сүт өнімдерін өндіру. Құрғақ түйе сүтін өндіру. Жартылай фабрикаттар, макарон өнімдері, тағамдық қоспалар, Жарма, құрғақ таңғы ас өндірісі. Бал өндірісі. Ұн өндірісі. Тұзды өндіру, өңдеу және сату. Құрама жем өндіру. Кондитерлік өнімдер өндірісі. Алкогольді және алкогольсіз сусындар өндірісі.

  • 08.11.2021
  • 283
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика