- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Саудадағы техникалық кедергілерді азайту-ұлттық жобаның стратегиялық міндеттерінің бірі
2021 жылғы 5 қарашада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі А.М. Иргалиевтің тұрақты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобалардың іске асырылуын түсіндіру жөніндегі брифингі өтті.
Брифингке сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев та қатысты.
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы шеңберінде (ҚРҮ 2021 жылғы 12 қазандағы №730 қаулысы) Қазақстанда сынақ зертханаларының жалпы санының 30% - ын жаңғырту көзделген.
Көрсеткішке қол жеткізу үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданатын болады.
Ол үшін сәйкестікті бағалау жөніндегі Халықаралық ұйымдарға қатысу арқылы Қазақстанның сәйкестікті бағалаудың ұлттық жүйесінің интеграциясын тереңдету және кеңейту жөніндегі жұмыс жоспарланған.
Саудадағы техникалық кедергілерді азайту жөніндегі стратегиялық міндетті іске асыру, сондай-ақ отандық өнімнің кедергісіз экспорты үшін жағдайлар жасау үшін ҚР аккредиттеу жөніндегі органы халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттерінің жұмысына белсенді қатысатын, аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардағы толық құқылы мүше мәртебесін қолдайтын және растайтын болады. Сондай-ақ менеджмент жүйесін жақсартуға ықпал ету, әдістемелерді игеру бойынша бағалаушылардың біліктілігін арттыру және аккредиттеу саласында шетелдік сарапшылардың бағалау жүргізу практикасын қолдану.
Бұдан әрі аккредиттеу жөніндегі Ұлттық орталықта аккредиттеуден өткен аккредиттеу субъектілері үшін олардың халықаралық ұйымдар мүшелері арасындағы сынақтар жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін тану бөлігінде платформа құрылатын болады. Ұлттық аккредиттеу орталығының халықаралық аккредиттеу ұйымдарындағы мүшелігін пайдалана отырып, аккредиттеу субъектілері халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін қызметтерді ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
Бұдан әрі әлемдік жетекші практикаға сәйкес аккредиттеудің жаңа схемалары (бағыттары), оның ішінде ғылымның, бизнес пен технологиялардың жаңа бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін зертханалары жоқ экономика секторларында енгізілетін болады.
Оның басты мақсаты - сәйкестікті бағалау саласында халықаралық стандарттарды енгізу үшін жағдай жасау. Бұл өз кезегінде өнімнің, процестердің, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғайды. Сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, саудадағы техникалық кедергілерді жояды, отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуы және жұмыс нәтижелерін, Қазақстанның аккредиттеу субъектілерін халықаралық ұйымдар мен шет елдердің тануы үшін жағдай жасайды.
Сонымен қатар, аккредиттеу және кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет аясын кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беріледі.
2025 жылға қарай аккредиттеудің кемінде 5 жаңа схемасын толыққанды енгізу жоспарлануда.
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі
Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=ru
Әлеуметтік желілер: https://www.facebook.com/ktrmMTIRK
Телефоны: 87082974908
- 09.11.2021
- 275