• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Темекі бұйымдарын сатуға, қоюға, көрсетуге және жарнамалауға тыйым салынады және айыппұл салуға әкеп соғады

ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2021 жылғы 1 шілдеден бастап темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды (темекі өнімдері) оларды орналастырып және ашық көрсете отырып сатуға тыйым салу туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 110-бабы 2-тармағының 16) тармақшасы күшіне енгенін еске салады.

Сонымен қатар, келіп түскен ақпаратқа сәйкес сауда желілерінде заңнаманың осы нормалары жүйелі түрде бұзылады.

Осыған байланысты, Сауда министрлігі әкімдіктерге, сондай-ақ "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сауда желілері одағына, сауда кәсіпорындары мен шағын маркеттер қауымдастығына сауда қызметі субъектілерінің назарына түсіндіру ақпаратын жеткізу, сондай-ақ темекі өнімдерін орналастыру және сату кезінде заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында қажетті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хат жолдады.

Сонымен бірге, темекі өнімдері туралы ақпарат сатып алушылардың назарына мәтіні бір сауда орнына көлемі 40х30 сантиметрден аспайтын ақ фонда қара түсті бірдей мөлшердегі әріптермен орындалған және қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай сатылатын темекі өнімдерінің бағасын көрсете отырып, әліпбилік тәртіппен жасалған сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы жеткізілетінін қосымша түсіндіреміз.

Сауда объектісінде сатып алушыға темекі өнімін көрсету сатылатын темекі өнімінің тізбесімен танысқаннан кейін оның талап етуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, ақпарат туралы, темекі және темекі бұйымдары туралы, темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды өндіру, сату және тарату жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің (ӘҚБтК) 198 және 199-баптары шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз.

Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 198-бабы бойынша істерді қарау ішкі істер органдарының құзыретіне, 199-бабы бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

198-бапты бұзғаны үшін айыппұл санкциялары кәсіпкерлік субъектісінің нысанына және бұзушылықтардың қайталануына байланысты 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК) және 199-бапты бұзғаны үшін 15-тен 120 АЕК-ке дейін құрайды.

  • 09.11.2021
  • 235
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика