- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Конституция күнімен құттықтау
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
30 тамыз-біз үшін ерекше күн. 1995 жылы Ата Заңымыздың қабылдануы еліміздің егемендігін нығайтуда ерекше рөл атқарды. Конституция біз үшін тәуелсіз мемлекеттің символына, Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерінің іргетасына, барлық қазақстандықтардың тең құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналды.
Халқымыздың келешегі барлық азаматтардың құқығын толық қамтамасыз етумен, заң алдындағы теңдікпен, бейбітшілікті сақтаумен тығыз байланысты. Еліміздің көпұлтты болуына қарамастан, Ата Заңымыз барлық азаматтардың бірдей құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді, азаматтардың қабілеттері мен талантын іске асыруға әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік береді.
Қазақстанның әрбір азаматына туған жерінде өзін бақытты сезінуін тілеймін! Сіздерге мықты денсаулық, амандық пен тұрақтылық тілеймін! Әрбіріңіздің шаңырағыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын!
- 28.08.2020
- 354