• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Түркия шекара маңындағы орталықтарды дамытуда ынтымақтасатын болады

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов "Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар" тақырыбында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8-ші Саммитінің (ТМЫК Саммиті) жұмысына қатысты.

Саммит аясында Министр Сұлтановтың Түркия Республикасының Сауда министрі Мехмет Мушпен екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты сауда, инвестициялар, кеден және логистика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Бақыт Сұлтанов Қазақстан Түркиямен өзара тиімді шарттарда тауар айналымы көлемін арттыру бөлігінде екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге үлкен мән беретінін атап өтті.

Атап айтқанда, ол қазақстандық тарап сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге әрдайым мүдделі екенін хабарлады. Сарапшылардың бағалауы бойынша Түркияға қазақстандық экспортты ұлғайту әлеуеті 90 тауар позициясы бойынша $598,3 млн.сомаға бағаланады.

Бақыт Сұлтанов Қазақстан мен Түркия Президенттері екі ел үкіметтерінің алдына өзара сауданы жылына 10 млрд долларға дейін арттыру міндетін қойғанын еске салды.

Екі тарап та осы көрсеткіштерге жедел қол жеткізуге сауда рәсімдерін өзара оңайлату және екі елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін пайдалану және көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы туралы елдер әзірлейтін келісім ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

Министр Муш саудадағы кедергілерді алып тастау екі елдің келесі жылы тауар айналымы көрсеткішіне 7 млрд долларға қол жеткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

- Біздің экономикаларымыз бір-бірін өзара толықтырады. Сондықтан бізде сауданы арттыру үшін үлкен әлеует бар, - деді Түркияның Сауда министрі.

Кездесуде талқыланған мәселелердің бірі - екі елдің транзиттік әлеуетін күшейту, сондай-ақ өңірлік сауданы, оның ішінде Орталық Азиядағы шекара маңындағы сауда-индустриялық орталықтарды дамыту арқылы арттыру мәселелері болды.

Министр Муш түрік тарапының трансшекаралық сауданы дамытуда барынша көмек көрсетуге дайын екенін білдірді, бұл мәселе бойынша Түркияның үлкен тәжірибесін атап өтті.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Түркия Республикасының Сауда министрі Мехмет Муш Қазақстан аумағында трансшекаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталықтарын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

  • 12.11.2021
  • 283
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика