• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Чехия кооперациялық бизнес-байланыстарды дамытатын болады

Бүгін Прагада Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы өтті. Қазақстан тарапынан ҮАК төрағасы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, чех тарапынан - Чех Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Мартина Тауберова болып табылады.

Тараптар Үкіметаралық комиссия өзін қазақстан-чех ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері бойынша нақты шаралар талқыланатын және қабылданатын алаң ретінде танытқанын атап өтті.

Өз сөзінде Қайрат Төребаев "Чехия - Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі және біз халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанамыз, бұл өзара түсіністік пен табысты ынтымақтастығымызға ықпал етеді," - деп атап өтті.

Тараптар бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігін талқылады. 

Екі елдің тауар айналымын арттыру үшін ҮАК-та тауарлар номенклатурасын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Қазақстандық компаниялар чех сатып алушыларына жалпы сомасы $593,4 млн құрайтын 135 өңделген тауар жеткізуді ұсынуға дайын (бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау, құрылыс тауарлары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, фармацевтикалық тауарлар және т.б. түрлі салалардағы өнімдер). Бұл ретте қазақстандық "KazakhExport" компаниясы сауда жеткізілімдерін ұзақ мерзімді саудалық қаржыландыруға және сақтандыруға жәрдем көрсете алады.

"Біз Чех тарапының осындай тізімін қарастыруға дайынбыз, бізде әлеуетті серіктестерді іздеу үшін", - деп атап өтті Вице-министр Төребаев.

Экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің тиімді құралдарының бірі ретінде Қазақстан мен Чехия экспорттық тауарларды өндіруге бағытталған бірлескен кооперациялық жобаларды құру мүмкіндігін қарастыруда.

"QazTrade "сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы, сондай-ақ, Қазақстанның экспортқа бағдарланған өндірістерді, оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жоғары дәрежеде қайта өңдеу өнімдерін өндіруге бағытталған кең қолдау құралдары бар екенін хабарлады.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, сондай-ақ, чех компанияларын "Қытай нарығына ғана емес, Азия өңірі елдерінің нарықтарына экспорт географиясын кеңейтуге жол ашатын "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметіне белсенді қатысуға"шақырды.

Қазақстан мен Чехияның бизнес-топтары арасындағы кооперациялық байланыстарды дамытуға жағдай жасау үшін "Іскерлік кеңес" форматында тұрақты жұмыс істейтін бизнес диалог құру" ұсынылды.

Бұдан басқа, тараптар өзара сауда миссияларын өткізу туралы шешім қабылдады.

ҮАК отырысы шеңберінде ірі сауда көршілерінің ауқымды нарықтарына шығу үшін тиімді көлік-логистикалық тізбек құру мәселелері де талқыланды. "Барлық қолда бар жерүсті және теңіз инфрақұрылымын зерделеуді және тауарларды ең аз көліктік шығыстармен жылдам жеткізуді қамтамасыз ететін мультимодальдық контейнерлік тасымалдау жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамын", - деп ұсынды қазақстандық тараптан тең төраға.

Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысының хаттамасына ауыл шаруашылығы, машина жасау, білім беру, цифрландыру, стандарттау, аккредиттеу және метрология саласындағы біздің ведомстволар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ экологиялық мониторинг, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және т.б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстар енгізілді..

Сонымен қатар, қазақстандық тарап эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, екі елдің азаматтары үшін визасыз кіру мәселесін қарауды ескере отырып, астаналар арасында тікелей әуе қатынасын белгілеу мәселесін қарауды ұсынды.

Қазақстан мен Чехия Үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысының жұмысы аясында екі елдің бизнес-орталары мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ "Czechtrade" сауданы қолдау жөніндегі Чех мемлекеттік агенттігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар ақпарат алмасу, өнім берушілерді өзара тиімді іздеу, электрондық коммерцияны дамыту бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр

  • 12.11.2021
  • 257
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика