- Блогтар
- Куздибаев А.Ш.
Куздибаев А.Ш.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
2021 жылғы 25 қазанда «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Компания») жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының шешімімен Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.
«Бәйтерек» ҰБХ Басқармасының 2021 жылғы 25 қазандағы шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі Салықов Олжас Жандосұлының және тәуелсіз директор Тоқобаев Нұрлан Тұрсынбекұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Компания Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері және тәуелсіз директорлар болып Yap Chin Beng және Аукенов Ерлан Мұратұлы сайланды.
Yap Chin Beng – Уорик Бизнес мектебінің (Warwick, UK) MBA дәрежесіне ие және Австралия мен Сингапурдағы бірнеше университеттерді бітірген. 40 жыл бойы Сингапурдың тұрғын үй құрылысы және дамыту жөніндегі бірыңғай операторы – Housing and Development Board (бұдан әрі – HDB) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Еске салайық, бірыңғай операторды құру тәжірибесін «Бәйтерек» ҰБХ 2018 жылдан бері зерттеп келе жатқан тұрғын үй құрылысын дамытудың сингапурлық үлгісіне негізделген. Сингапур моделін таңдау негізгі шарттардың ұқсастығымен байланысты: мемлекеттің қолжетімді тұрғын үйді дамыту және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламасына белсенді қатысуы; құрылыс саласын мемлекеттік реттеу; құрылыс материалдары импортының жоғары үлесі; тұрғын үй кезегі мәселелерін шешу. Бірыңғай оператордың құзыретіне аумақтарды жалпы жоспарлау, шағын аудандарды кешенді жобалау, қаржыландыруды тарту және тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландыру, халықты ипотекалық несиелеу, тұрғын үй қорын жаңартуға қызмет көрсету және т.б. функциялары кіреді.
Ерлан Мұратұлы Әукенов - қалаларды дамыту саласында магистр (The London School of Economics, UK), мемлекеттік саясат және жобаларды басқару магистрі (The University of Bradford, UK), іскерлік әкімшілендіру магистрі (ХБА, Алматы) дәрежесіне ие. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2019 жылдан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. «Қазақстандық урбанистер қауымдастығы Q88» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы және «Қазақстандық Тәуелсіз Директорлар Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.
Қосымша:
Бұған дейін Компанияның Директорлар кеңесінің 19 қазандағы шешімімен Олжас Жандосұлы Салықов Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалып, 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланғанын қосымша хабарлаймыз.
- 15.11.2021
- 315