• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен ЕО: коронавируспен күрес тауар ағынына кедергі келтірмеуі тиіс

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Брюссельде Еуропалық Комиссия, Еуропарламент өкілдерімен, сондай-ақ ірі бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Министрдің жұмыс сапары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық Одаққа алғашқы ресми сапарын дайындау және Мемлекет басшысының қараша айының соңында Қазақстанның төрағалығымен өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясының ашылу рәсіміне қатысуы шеңберінде өтуде.

Осылайша, министр Сұлтанов Еуропалық сауда және экономика жөніндегі комиссияның Атқарушы Вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақтың екіжақты сауда-экономикалық қатынастары мәселелері көтерілді.

ЕО негізгі сауда және инвестициялық әріптес болып табылады, оның үлесіне қазақстандық сыртқы сауда айналымының және еліміздің экономикасына инвестициялардың жартысына жуығы тиесілі.  Бұл ретте біздің еліміз "екінші буын" құжатына - Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болды. Кездесуге қатысушылар осы бағдарламалық құжат шеңберіндегі интеграциялық процестер ҚР мен ЕО ынтымақтастығының ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу тақырыптарының бірі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау кезінде еуропа елдерінің рұқсат құжаттарын алу рәсімдерін жеңілдету мәселелері болды.

Бақыт Сұлтанов пен Валдис Домбровскис 12-ші министрлік конференциясына дайындық барысын талқылады.

 - Министрлік конференциясының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша консенсусқа қол жеткізуде бірлескен күш-жігер қажет. Бұл көпжақты сауда жүйесі ретінде ДСҰ-ға деген сенімді қалпына келтіру үшін оң сигнал болады. МК-12 шешімдері ДСҰ - ны оң траекторияға шығару үшін шешуші мәнге ие болады, - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Еурокомиссияның Вице-президенті ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын және КӘЫК шеңберінде құралдар мен консультациялардың неғұрлым кең және тиімді шеңберін қолдану қажеттілігін атап өтті. 

Валдис Домбровскис Қазақстанның өңірдегі жетекші рөлін, сондай-ақ Еуропалық Одақтың алдағы ДСҰ МК-12 шеңберінде оңтайлы шешімдер мен консенсустарды іздеуге бейілділігін атап өтті.

 

Сол күні Сауда және интеграция министрі Еуропалық Парламенттің Халықаралық Сауда Комитетінің төрағасы Бернд Ланге және Еуропарламент депутаты Рышард Чарнецкиймен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары мен мүмкіндіктері талқыланды.

Ланге мырза ковидокризистен болатын шығындарды азайту үшін барлық елдердің кооперациясы қажеттілігі туралы Қазақстанның ұстанымын қолдады. Еуропарламент өкілдері короновирусқа қарсы күрес халықаралық тауар ағындарына кедергі келтірмеуі тиіс екенін атап өтті.

Еуропалық Парламенттің достық тобының төрағасы Рышард Чарнецкий Министр Сұлтановты қарсы ала отырып, Еуропалық Парламенттегі ҚР-ЕО достық тобының Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы диалогты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті. 

Сапар барысында Министр, сондай-ақ, "Tessenderlo Group" Бас директоры Люк Такоммен келіссөздер жүргізді.

Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды. Оның ішінде индустриялық сауда-логистикалық хабтар аумағында.

"TessenderloGroup" - ауыл шаруашылығына және биологиялық қалдықтардың құндылығын арттыруға мамандандырылған ірі өнеркәсіптік топ. Топтың қызмет ету саласына қоректік заттар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру, жануарлардан алынатын жанама өнімдерді қайта өңдеу жатады. Компания - жоғары сапалы коллаген желатині мен пептидтерін әлемдік жетекші өндірушілердің бірі.

Компания қазақстандық тараппен осы бағытта ынтымақтастыққа мүдделілік танытты.

Сонымен қатар, кездесуге крандарды жалға беру, ауыр жүктерді көтеру және инженерлік көлік қызметтері саласында әлемдік көшбасшы және эталон болып табылатын Sarens Group Басқарма Төрағасы Вим Сарепнс қатысты.  Sarens Group-тың Атырау мен Қарағандыда 2 кеңсесі бар.

  • 17.11.2021
  • 286
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика