• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Министрлік пен үкіметтік емес сектордың мазмұнды серіктестігі қарқынды дамып келеді - Ербол Қарашөкеев

2021 жылдың 18 қарашасында Қазақстанның Х Азаматтық форумы аясында Ербол Қарашөкеев үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесті. Іс-шараға қатысушылар министрлік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын қарады, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау барысына талдау жасады.

Ведомство басшысы өз сөзінде ұсынылған алаң үшін Қазақстанның Азаматтық альянсына алғыс айтып, жыл сайын форум аясында көптеген маңызды және пайдалы тақырыптар талқыланатынын атап өтті.

«Жалпы алғанда, министрлік пен үкіметтік емес сектордың ынтымақтастығы, мазмұнды әріптестігі бүгінде айтарлықтай серпінді дамуда, азаматтық қоғамның барлық қатысушыларымен ведомство қызметінің барлық аспектілері бойынша диалог жолға қойылған», - деді Ербол Қарашөкеев.

Министр агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті міндеттерін шешуге елеулі үлес қосып отырған АӨК дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің қызметі туралы айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, Кеңес 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу процесіне үлкен үлес қосты.

«Қоғамдық кеңестің жұмысы әзірленіп жатқан құжаттарда саланың ең маңызды мәселелері бойынша қоғамдық пікірді ескеруге және өткізілетін мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өткім келеді», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрлік алдағы уақытта да азаматтық қоғаммен сындарлы байланыс бағытын жүргізетін болады және тең құқықты әрі жемісті диалог жүргізу үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсап, жағдай жасайтын болады.

АӨК тұрақтылығын арттыруға бағытталған жүйелі сипаттағы міндеттердің бірі ветеринария жүйесін реформалау болып табылады, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев айтып берді.

Ол дамыған елдердің тәжірибесін, отандық мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін және жеке қосалқы шаруашылықтарда мал ұстаудың ерекшелігін ескере отырып әзірленген ветеринария жүйесін реформалау және жетілдіру жөніндегі Министрліктің негізгі тәсілдерін баяндады.

«Мобильдік қосымшасы бар арнайы бағдарламалық өнім әзірленетін болады, оны пайдалана отырып, ауылдық округтің ветеринариялық дәрігері жануарлармен туғаннан бастап сойылғанға немесе өлгенге дейін жүргізілетін барлық іс - шараларды тіркеп, оларды электрондық ветеринариялық паспорттарға автоматты түрде енгізе отырып, цифрлық форматта орталық дерекқорға бере алады» - деді Бауыржан Абызбаев.

Жоспарланып отырған шаралардың тағы бірі жануарға оның өмірлік циклінің бүкіл кезеңіне ЖСН сияқты бір ғана сәйкестендіру нөмірін беру болады, бұл ИӨС дерекқорындағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ жоғалған биркаларды ауыстыру салдарынан жануарлар туралы деректердің бұрмалануына жол бермеу үшін жағдай жасайды.

Жалпы, ветеринария жүйесін реформалау бизнес, азаматтық қоғам өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен тәсілдер мен шараларды кеңінен талқылаумен өтуде.

 Форумға қатысушылар қарастырған тағы бір маңызды тақырып Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы болды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков баяндады.

Оның айтуынша, елімізде 1,6 млн-нан астам жеке қосалқы шаруашылық бар, азық-түлік тауарларын өндірудің айтарлықтай үлесі соларға тиесілі.

«Заң жобасында жеке қосалқы шаруашылықтарға нақты анықтама берілді, Үкіметтің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, әкімдердің, мәслихаттардың, сондай-ақ даму мәселелеріндегі тұрғындар жиынының құзыреттері шектелді, кооперация арқылы кредит беру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды мемлекеттік реттеу көзделген» - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі ретінде кооперативтердің өз мүшелеріне көрсететін қызметтерінің құнын субсидиялау ұсынылады.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елді мекендер ішінде санитарлық гигиенаны және мал жаюға арналған жайылымдардың экологиясын сақтау бойынша талаптар көзделген.

Бұл талаптың мәні азаматтардың жеке меншігіндегі мал санын шектеу емес, елді мекендер ішіндегі малды ұстаудың санитарлық гигиенаға әсерін азайту және елді мекендер айналасындағы жайылымдарды сақтау болып табылады.

 Тұтастай алғанда, осы бұл заңның қабылдануы жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді кеңейтуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының табысын едәуір арттыруға және ауылдағы кооперацияны дамыту негізінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Заң жобасын Мәжіліске осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.

 Форумға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып,  министр оларға толық жауап берді. Әңгіме барысында ешкім өткір бұрыштарды айналып өтпеді, аграрийлер мен азаматтық қоғамды толғандыратын проблемалар туралы ашық айтылып, шешу жолдары ұсынылды, сондай-ақ Ербол Қарашөкеев мұқият талдауды тапсырды.

Жалпы, іс-шара ашық диалог рухында өтті, қатысушылар мұндай кездесулерді өткізу қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне, билік пен халық арасындағы сындарлы байланысты нығайтатынына сенім білдірді.

  • 19.11.2021
  • 285
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика