• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Экология министрлігі балық шаруашылығына субсидия беру ұсынысын қолдайды

Атырауда ірі балық өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен кездестім. «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМКК-дегі шараға Атырау облыстық әкімдік өкілдері, «BD – Балық шаруашылығы қауымдастығы» ЗТБ, саладағы бірнеше кәсіпорын басшылары қатысып, балық шаруашылығындағы проблемалар көтерілді.

Балық шаруашылығында өңірдің алатын орны ерекше екенін, қазір мемлекет тарапынан бұл салағы көп көңіл бөлініп жатқанын атап өттім.

Қазақстанда ауланатын балықтың отызға жуық пайызы (29,2 пайыз, 13,0 мың тонна) осы облысқа тиесілі. Каспийге құятын екі ірі балық шаруашылығы су айдындары – Жайық пен Қиғаш өзендерінде 20 табиғат пайдаланушы өз кәсіптерін іске асырып жатыр.Балық өсірумен қатар балық аулаудың атыраулық балықшыларға маңызды екенін біз есептен шығармаймыз. Әсіресе Каспийде теңіз балықтары игерілмей жатқанын ескерсек, өңірде балық аулау көлемін одан да арттыруға болады.. Осы шаруашылықтың дамуына серпін беретін ұсыныстар болып жатса, біз бірлесіп қарауға әзірміз.

Жиында кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер мен субсидиялау бойынша ұсыныстар білдірді. Бұл бастамаларды қолдайтынын жеткіздім.

Бұл мәселелер Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері сияқты басқа да  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарауды және келісуді талап етеді. Көтерілген мәселелер оң шешімін тапқан жағдайда балық шаруашылығының әлеуеті көтеріліп, кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі жанданатыны сөзсіз. Барлық жергілікті балық шаруашылығы өкілдерін 24 қыркүйекте Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен Шардара қаласында өтетін балық шаруашылығы бойынша республикалық семинарға қатысуға шақырдым. Онда кәсіпкерлерге балық аулау мен балық өсіруді қатар жүргізу тәжірибесі таныстырылмақ.

Еске салсақ, балық саласындағы өңірдің ерекшелігін ескере отырып, 27 ақпанда Атырау қаласында Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы Үкіметтің жиналысы өткен. Оған Премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин төрағалық етті. Сол кезде Үкімет басшысы берген тапсырмалардың біразы шешімін тауып жатыр. Айталық, атыраулық балықшылардың өтініші бойынша Каспий теңізі мен Жайық өзенінде балық аулау мерзімдері ұзартылды.

Сонымен бірге, осы жылдың 18 тамызында балық шаруашылығының перспективалары бойынша Үкіметі отырысы болды. Нәтижесінде 1 қарашаға дейін облыс әкімдіктеріне балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды. Бұл аймақтарда, оның ішінде Атырау облысында да балық шаруашылығын қарқынды дамытуға өз септігін тигізбек.

 

  • 09.09.2020
  • 402
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика