• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты сауда көлемі $48,2 млн. құрады

Алматы - 2021 жылғы 23 қараша. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Экономикалық байланыстар жөніндегі министрінің орынбасары Зубаир Асхар Курешидің тең төрағалығымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы өтті.

Тараптар сауда, өнеркәсіп, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ екі елдің тауарлары мен қызметтері нарығына қолжетімділікті жақсарту мүмкіндіктерін қарастырды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қайрат Төребаев Пәкістан Қазақстанның сыртқы саудадағы перспективалы бағыттарының бірі, сондай-ақ Азия кеңістігіндегі маңызды стратегиялық серіктес болып табылатынын, онымен екіжақты форматта да, ортақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде де диалог жолға қойылып, қолдау табатынын хабарлады.

"Елдеріміз арасындағы өзара сауда тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы ↑ 2019 жылмен салыстырғанда 68,5% - ға ($27,1 млн.) және ағымдағы жылдың 9 айында ғана $45,6 млн. жетті, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,4% ($34,5 млн.) және $48,2 млн. құрады, бұл ретте, экспорт ↑ 85,9% - ға және $26,6 млн. құрады, ал импорт 6,6% $21,6 млн құрады", - деді Қайрат Төребаев.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы өзара сауданы ұлғайту мақсатында ҚР-ның Пәкістанға жеткізетін тауарларының номенклатурасын әртараптандыру және кеңейту қажеттігі туындағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның сауда министрлігі Пәкістан нарығында сұранысқа ие $487,2 млн.сомасына 110 әлеуетті тауарлардың тізбесін әзірледі.

Тараптар Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін, екі ел арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдету және әртараптандыру міндеттерінің басымдылығын атап өтті.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша туризм саласындағы жұмыс жандандырылды және екі ел арасындағы туризмді одан әрі дамытудың басымдықтары айқындалды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қатысты Тараптар салалық министрліктер арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бұдан басқа, Комиссияның тең төрағалары, сондай-ақ, инвестициялар көлемін арттыру бойынша нақты бастамалармен алмасты. Мәселен, Қайрат Төребаев пәкістандық әріптестеріне "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық аумағындағы бірлескен жобаларға инвестиция салуға ықпал етуді ұсынды, бұл Пәкістан бизнесінің Еуразиялық экономикалық одақтың тұтыну нарықтарына қолжетімділігін жеңілдетеді.

Осыған байланысты, үкіметаралық комиссия шеңберінде а.ж. 24-25 қарашада инвестициялар мен сауданы ілгерілетуге мүдделі екі Тараптың инвесторлары мен бизнес топтары арасында Қазақстан-Пәкістан Бизнес форумы өтеді.

  • 03.12.2021
  • 271
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика