• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бақыт Сұлтанов: халықаралық келіссөздер апталығы

Достар!

Халықаралық келіссөздердің соңғы аптасы едәуір көлемінде өзбек бағытына арналды. Жақында Өзбекстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Соңғы күндері біз келіпқол жеткізген Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері келіссөздерінің нысанасы болатын көптеген уағдаластықтар - екі елдің сауда дипломаттарының мұқият және көп айлық дайындығының нәтижесі. Біздің мемлекеттеріміз - өңірдегі аса ірі экономикалар. Біздің мүмкіндіктеріміздің синергиясы бүкіл Орталық Азияның дамуына түрткі болуға тиіс.

Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен Қазақстан мен Өзбекстан өңіраралық ынтымақтастығының ІІІ форумында айтқан болатынбыз. Форум іс жүзінде екі экономика әлеуетінің, Бизнестің кооперацияға мүдделілігінің және бірлескен өніммен бірге экспортқа шығу мүмкіндіктерінің «демонстрациялық алаңына» айналды.

Біз шекара маңы ынтымақтастығын, дәлірек айтқанда – өнеркәсіптік саясатты бірлесіп жүргізуді көп талқыладық. ҚР мен ӨР шекарасында құрылатын «Орталық Азия» сауда-логистикалық хабын бастапқы форматы ұзақ талқылаулардан кейін біз халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына айналдыру керек деп шештік. Негізінде, біз бірлескен экспорттық өнімді құру жолында қадам жасаймыз. Мұндай тауарлардың тізімі өте үлкен. Біздің бизнесіміз азық-түлік тауарларын (ұн, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, май өнімдері, ет өнімдері), жеміс-көкөніс өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және химия өнеркәсібі тауарларын біріге шығара алады.

Бізде өнеркәсіптік кооперацияның көптеген мысалдары бар. Мысалы, Қостанайдағы машина жасау кәсіпорындары (Chevrolet авто және saz автобустарын құрастыратын зауыттар – бұл ҚР-ӨР БК) немесе Ташкент облысындағы автоклавты газобетон. Өзбекстанда бүгінде қазақстандық капиталдың қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын, ал біздің елімізде өзбек капиталы бар 1200-ден астам компания жұмыс істейді. Осы БК_ның көбі - экспортқа бағдарланған. Бұл сыртқы нарықтарға бағытталған ынтымақтастық. Оны тереңдетудің барлық перспективалары бар.

Екіжақты сауданы дамытуға келетін болсақ, АӨК және тауар өткізу жүйелеріндегі жобалар бойынша идеялар өте көп.

Біз оңтүстіктен жеміс – көкөніс өнімдерін кепілді жеткізуге, Өзбекстан біздің тамыр жемістеріміз бен астықтарымызды кепілді жеткізуге мүдделіміз. Қазір өзара азық-түлік жеткізу мүмкіндігін талқылаудамыз.

Осымен бірге Қазақстан-Өзбекстан-Ресей үшжақты жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Кеденмен, сертификаттау жүйесімен көптеген мәселелерді келісу, бүкіл жол бойында жүктерді шоғырландыру және тарату алгоритмін әзірлеу қажет.

Екіжақты мәселелерді талқылаудың кең форматы біздің елдеріміздің Премьер-министрлерінің төрағалығымен өткен бірлескен Үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысының хаттамасымен бекітілді. Отырыс барысында комиссияның 2019 жылы Ташкент қаласында өткен отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы хабарлаған болатынбыз. Пандемияға қарамастан, нақты сипаттағы нұсқаулардың 60 проценті орындалды. Ал орта мерзімді міндеттер жаңа талаптарды ескере отырып нақтыланып, жаңа хаттаманың негізін құрады.

Біз талқылаған және өзбек әріптестерімен талқылауды жалғастыратын көптеген маңызды мәселелер бар. Экономикалық жақындасу жолындағы негізгі саяси шешімдер мен одан әрі қозғалыс векторларын жақын арада Президенттер Тоқаев пен Мирзиеевтер белгілетін болады.

Және тағы басқалар.

Алдағы күндері Женевада Қазақстанның төрағалығымен ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы басталады. Онда әлемдік сауда жүйесі мен барлық елдер үшін өте сезімтал және өте маңызды мәселелер бойынша консенсус іздеу туралы пікірталастар болады. Оның ішінде ДСҰ реформасы бойынша да.

СИМ және ДСҰ сайтындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар. Мен де соңғы жаңалықтарды жедел хабарлауға тырысамын.

  • 03.12.2021
  • 247
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика