• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бақыт Сұлтанов: ТМД елдерінің тауар өткізу жүйелерін біріктіру керек

ҚР Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бүгін бейнеконференц байланыс форматында өткен ТМД Экономикалық форумы алаңында сөз сөйледі.

Отырысқа сондай-ақ Атқарушы комитеттің және ТМД елдерінің өкілдері қатысты: Беларусь Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары Ю.Чеботарь, Қырғыз Республикасының Экономика министрі С. Мұқанбетов, Молдова Республикасы Экономика және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы В. Тарлев, Ресей Федерациясының ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы өкілетті өкілі В. Воробьев, Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі З. Завкизода және Түрікменстанның сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі О.Гурбанназаров және ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – Атқарушы хатшысының орынбасары С. Иванов.

Форум барысында Сovid-l9 пандемиясы жағдайында Сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, логистикалық салада және цифрлық технологиялар мен онлайн сауда және қызмет көрсету алаңдарындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыптары.

ТМД Экономикалық форумы барысында сөз сөйлеген ҚР Сауда министрлігінің басшысы «коронакризис біздің барлық осал жерлерімізді мойындап, біздің экономикаларымыздың интеграциясы мен өзара іс-қимылының жеткіліксіз деңгейін көрсетті» деп атап өтті.

«Достастықтың сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара саудасының үлес салмағы 2019 жылдың қорытындысы бойынша 18,4% - ды құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,5% - ға аз. ЕО елдерінің ұқсас көрсеткіші өткен жылы 60,7% – ды, НАФТА – 40,1% - ды, АСЕАН-22% - ды құрады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, елдер өңірлік интеграцияны тереңдетуге, өндірістік кооперацияны дамыту және тауар ағыны құрылымдарын әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударуы қажет. «Біздің елдеріміздің Достастығының өзін - өзі қамтамасыз ету факторын күшейту қажет деп санаймыз», - деді Сұлтанов.

ҚР сауда және интеграция министрі ТМД-ға мүше мемлекеттерге Достастық елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынды.

«Біз мемлекетаралық тауар өткізу жүйесін құру туралы бастама көтерудеміз», - деді Сұлтанов.

Ол ұлттық тауар өткізу жүйелерін Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан құратынын түсіндірді. Мемлекеттердің ірі көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтарын бірыңғай ақпараттық жүйемен біріктіру елдерге қолда бар және болжамды көлемдер, өнім түрлері, сапасы мен құны бойынша деректермен жедел алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ электрондық сауда алаңын енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бірыңғай мемлекетаралық тауар өткізу жүйесі ТМД елдеріне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді, экспорттаушыларды, импорттаушыларды, сатып алушылар мен логистикалық компанияларды бірыңғай халықаралық пулға біріктіруге мүмкіндік береді, бұл үшінші елдерге тауарлар экспортын жеңілдетеді.

Трансшекаралық сауданы дамыту аясында Бақыт Сұлтанов шекара маңындағы көтерме-тарату орталықтарын құруды ұсынды. «Мұндай орталықтар шекаралас мемлекеттерде жүзеге асырылатын жобалар негізінде құрылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы (МЦТЭС), Қазақстан-қырғыз шекарасындағы ең көп және ірі өту пункттері ауданында», - деп ұсынды министр Сұлтанов.

ҚР Сауда және интеграция министрі сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің өндірістік үдерістері мен өнеркәсіптік кооперациясын өңірлендіруді қолдады. Оның айтуынша, бұл жоғары технологиялық өндірісті жолға қойып қана қоймай, Достастық елдеріне инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«Елдеріміздің бәсекелестік артықшылықтарының құрылымы мен кең шикізат базасы бізге бірлескен инвестициялық өнімді қалыптастыруға және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР және басқа да өңірлерден ығыстырылатын өндірістік активтерді тартуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Сұлтанов. Оның айтуынша, «жаһандық сауда процестерін қайта бөлу бойынша ағымдағы тренд өнеркәсіптің басым салаларында құзыреттілік орталықтарын құру, жаңа өнеркәсіптік байланыстарды қалыптастыру және бар өнеркәсіптік байланыстарды кеңейту үшін пайдаланылуы тиіс».

Ынтымақтастықтың үшінші перспективалық бағыты - саудадағы цифрлық технологиялар. «Біздің елдерімізде электрондық коммерцияны дамыту үшін цифрлық технологияларды қолдануға қатысты жалпы тұжырымдамалық өріс бар», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов жәнеде әріптестерін «электрондық сауда рәсімдерін оңайлататын, қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жасайтын, сондай-ақ біздің кәсіпкерлерге әлемдік электрондық сауда алаңдарына шығу үшін жағдай жасайтын құқықтық базаны өзектендіруге» шақырды.

«Өзара саудадағы ең бастысы-кедергілерді жою. Цифрландыру - бұл міндет үшін ең нақты құрал», - деді Министр.

«Әлемдік экономика бұрынғыдай болмайтыны анық, - деп түйіндеді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшысы. - Осыған байланысты, бүгінгі күні Достастықтың артықшылықтарын – стратегиялық әріптестікті, ауқымды нормативтік-құқықтық базаны, географиялық жақындықты, жолға қойылған көлік инфрақұрылымын белсенді пайдалану маңызды».

 

Құрметпен, ҚР Сауда және Интеграция министрлігі
баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172)74-98-94
www.mti.gov.kz 

  • 14.09.2020
  • 444
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика