• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Үндістанға 271,4 млн. $ 60 тауар жеткізе алады

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте бейнеконференц байланыс режимінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының 7-отырысы өтті.

Отырыс ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Бидьют Бехари Свейн мырзаның тең төрағалығымен өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Үндістанның Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары қатысты.

Қ. Төребаев өзінің алғы сөзінде атап өткендей, Қазақстан Үндістанмен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлкен мән береді және Жұмыс тобының кездесуі келесі жылы Мемлекет басшысының Үндістанға сапарына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады.

Отырыста қызметтің түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Негізгі іс-шаралар көрініс тапқан сауда, инвестициялар, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және т.б. сияқты салалар, оларды іске асыру өзара сауда көлемінің ұлғаюына оң әсер етуі тиіс.

Талқылау барысында қазақстандық тарап үнді тарапын металлургия, тамақ, химия, машина жасау өнеркәсібі және құрылыс тауарлары сияқты салаларда жалпы сомасы 271,4 млн. $ құрайтын 60 тауарды жеткізу есебінен Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайту мүмкіндігімен таныстырды.

Бұдан басқа, қазақстандық тарап үнді тарапына Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен Иран арқылы Үндістанға оңтайлы жеткізу мерзімімен мультимодальды логистикалық сервисті ұйымдастыру бойынша қызмет ұсынды.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Үндістанның өнеркәсіптік кооперациясын одан әрі дамыту мақсатында біздің тарап Оңтүстік Азияны (Ауғанстан, Үндістан) Орталық Азия мен Еуропа, Орал, Сібір және Қиыр шығыс өңірлерімен байланыстыратын «Солтүстік-Оңтүстік» Орталық Азия көлік-транзиттік экономикалық дәлізін дамыту туралы бірлескен зерттеу жүргізуді ұсынды.

2019 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд. АҚШ долл. $ құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 55,8%-ға жоғары (1,2 млрд. долл. $).

Қазақстаннан Үндістанға экспорт 2019 жылы 65%-ға өсіп, 1,6 млрд. долл. $ құрады.

Үндістаннан Қазақстанға импорт 2019 жылы 20,1-ға өсіп, 291,6 млн. долл. $ құрады.

2020 жылдың 7 айында тауар айналымы 2,2 есеге артып,  2 млрд. долл. $ құрады (2019 жылғы қаңтар-шілде - 0,9 млрд. долл. $).

Қазақстаннан Үндістанға экспорт оң динамиканы көрсетті – өсім 2,4 есе. (1,7 млрд. долл.$ құрады).

  • 14.09.2020
  • 337
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика