• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда министрлігі қытайлық нарыққа шығу үшін азық-түлік өнеркәсібі компанияларын дайындайды

«Үкімет стратегиялық маңызды өндірістерді, негізгі экспорттық басымдықтарды айқындауы керек ... Стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды, жеңілдікті қаржыландыруды, ішінара кепілдендіруді, экспорттық қолдау тетіктерін пакеттік беруді ... АӨК өнімдерінің экспортын екі есе ұлғайтуды көздеу керек...».

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауы

«ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»

 

Мемлекет басшысының халыққа жолдауы әрқашан маңызды оқиға. Ол ел дамуының стратегиялық векторларын айқындайды, Үкімет үшін жаңа мақсаттар қояды. Қыркүйек айындағы Жолдауда экспорт пен ұлттық өндірушілерге баса назар аударылды. Жақын перспективада экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға мемлекет тарапынан кешенді қолдау қамтамасыз етіледі.

Жақында Фейсбуктегі жеке аккаунтында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов былай деп жазды: "Біз сауда министрлігінде Жолдауымызда өзіміз үшін ең бастыны атап өттік: "Инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді жаңа әлемдік жағдайда экспортқа шығару жөніндегі жұмыс Үкімет үшін басым болып отыр»

«Президент өнеркәсіптік әлеуетті немесе агроөндірісті ашу туралы айта келе, міндетті шарт қойды – экспортқа бағдарлы тауарлар өндіру...Мұның бәрі – елдің экономикалық дамуының «саудалық бағалау» рөлі өсіп келе жатқанының көрсеткіші. Ел өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға неғұрлым көп шығарса, оның өнеркәсібі соғұрлым оңтайлы болады, оның азаматтары соғұрлым бай болады.",- деп атап өтті министр Сұлтанов.

Сауда министрлігінде 16 тауар позициясы (тауарлар мен қызметтер) анықталды, олар бойынша ел экспортты $13,5 млрд-қа ұлғайта алады, яғни Қазақстанның шикізаттық емес экспортты шамамен 2 есе ұлғайту әлеуеті бар (өткен жылы ол $15,7 млрд-ты құрады). Тауарлардың негізгі бөлігі – АӨК өнімдері: өсімдік майлары; ұн өнімдері; макарон өнімдері; қой еті; шошқа еті; сиыр еті; пестицидтер; тыңайтқыштар; мұнай химиясы; трансформаторлар; аккумуляторлар

Ал ДСҰ-ның әлемдегі азық-түлік тапшылығының өсуі жөніндегі болжамдары кезінде республика агроөнеркәсіп өнімдерінің ірі экспорттаушысының тұрақты позициясын алуға барлық мүмкіндігі бар. Әсіресе, егер сұранысы мол нарыққа географиялық жақындығымызды ескерсек.

Ашылған мүмкіндіктерді ескере отырып, Президент Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бағдарланған кәсіпкерлерді өсіру мен қолдаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы «идеядан нәтижеге дейін мақсатты қолдауды қамтамасыз ету үшін» шикізаттық емес өндірушілерге арналған экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Осы уақытқа дейін Сауда министрлігінде 500-ден астам тамақ өнеркәсібі компанияларынан отандық тауар өндірушілердің базасы құрылды. Бағдарламаға 100-ге жуық компания қатысты, оның ішінде 35 үздік компания өз өнімдерін қытайлық нарыққа шығару үшін дайындықты бастады. Әрбір компанияны «QazTrade» ССДО» АҚ-ның сараптамалық сарапшылары және PwС халықаралық кеңесшілері сүйемелдейді. Олар жеке бизнес миссиялар мен ресми сауда көрмелері аясында қытайлық серіктестерді іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.  

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегіне дейін кәсіпорындармен жеке онлайн-сессиялар жоспарланған, олардың нәтижелері бойынша әр қатысушы үшін Қытай нарығына шығу жөніндегі стратегиялық жоспарлар әзірленетін болады. Кездесулердің ерекшелігі - қытайлық сарапшылармен salespitch әзірлеу бойынша онлайн-кеңес сессиялары өткізіледі.

Ағымдағы жылы бизнес-миссиялардың форматы онлайн режимінде өткізіледі. Әлеуетті серіктестермен қарым-қатынас жасайтын кәсіпорындар PwC бағдарламасының серіктестері ұсынған Сonverve онлайн - платформасында өздерін, өз өнімдерін және salespitch-ті таныстырады.

Акселерацияның келесі кезеңдерінде Сауда министрлігі бизнесмендерге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанның шекаралас нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікті «арттыруға» көмектесетін болады.

Жалпы, алдағы жылдары экспорттық акселерация аясында 1000-нан астам отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі.

  • 14.09.2020
  • 360
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика