• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Kazakhstan Global Investment Roundtable-2021 шеңберінде 2,1 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға келісімдерге қол қойылды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 7 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жыл сайынғы төртінші «Kazakhstan Global Investment Roundtable» (KGIR-2021) жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шара гибридті форматта өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты - шетелдік бизнес өкілдері, әлемнің 50 елінен келген ірі инвесторлар мен әлемдік сарапшылар, оның ішінде «Goldbeck Solar», «INOKS Capital», «Chevron», «ENI», «Valmont Industries», «Yildirim Group» және т.б. әлемдік компаниялардың топ-менеджменті қатысты.

М.Тілеуберді өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік жылдары жинақталған капиталы шамамен 380 млрд. АҚШ долларын құрайтын өңірдегі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы мемлекет екенін атап өтті. «Бүгін біз экономиканың таза, инновациялық және әртараптандырылған моделіне бағыт ұстаймыз. Ол үшін біз нақты қадамдар жасап жатырмыз, онда инвесторларды кешенді қолдау ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалды», - деп атап өтті сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде инвестициялық климатты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды және ҚР аумағында әлеуетті жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау бойынша шетелдік серіктестермен бірқатар B2B кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, спикерлер ретінде «Технониколь» президенті Сергей Колесников, «YDA Group» президенті Хусейн Арслан, «Goldbeck Solar» бас директоры Йоахим Гольдбек, «Polcotton» компаниясының негізін қалаушы және басқарма мүшесі Алоис Шонбергер, «Orhun Medical» басқармасының төрағасы Гоненч Дырык сөз сөйледі.

Бірқатар шетелдік инвесторлар агроөнеркәсіптік кешенді, фармацевтика саласын, инфрақұрылымдық дамуды және адами капиталды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Номинанттар қатарында «Chevron», «Citibank Kazakhstan», «Anadolu Group», «Philip Morris International», «Hevel», «INOKS Capital», «Georgian Industrial Group», «Goldbeck Solar», «Air Liquide», «Danone», «Polpharma», «Lactalis» және т.б. ірі кәсіпорындар болды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша инвестициялық келісімдерге қол жеткізілді және 2,1 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға 30 коммерциялық келісімге, сондай-ақ экономиканың агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия кешені, машина жасау, денсаулық сақтау, фармацевтика, энергетика және т.б. салаларында 6 коммерциялық емес құжатқа қол қойылды.

  • 08.12.2021
  • 325
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика