- Блогтар
- Оспанов І.Е.
Қарағанды облысы
Демалыс күндері мен Саран қаласында (Қарағанды облысы) болдым. Бүгінде бұл шағын қала іске қосылып жатқан жобалардың арқасында дамып келе жатыр.
Жобалардың бірі – автобус, электр автобустары және арнайы техника шығаратын "QazTehna" зауыты. Өндіріс ошағы әлемдегі ең ірі автобус өндірушісі "Yutong" компаниясымен серіктестікте құрылған.
Жаңа жоба Қарағанды облысы экономикасының дамуына серпін береді. Сондай-ақ, қоғамдық көлікті отандық автобустармен жаңартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.
- 09.12.2021
- 166