- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстан мен Өзбекстан бірқатар инвестициялық жобаларға қол қойды
Нұр-Сұлтанда Өзбекстан Республикасы Президентінің сапары қарсаңында Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің IV отырысы өтті.
Кездесу барысында екі елдің кәсіпкерлері логистика, соның ішінде транзиттік тасымалдау, сертификаттау, бір-бірінің нарықтарындағы шикізатқа қолжетімділік мәселелерін қарады, сондай-ақ көрші елдерде бизнес жүргізу бойынша тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, B2B ұйымдастырылған алаң аясында тараптар ақпараттық технологиялар саласындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, экспорттық әлеуетті және іскерлік байланыстарды жолға қоюды талқылады.
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі экспортты ілгерілету жөніндегі бас орган ретінде Өзбек Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Бүгін В2В сессиясы аясында бірнеше миллиард долларға келісімшарт жасалады деп күтілуде. Қазақстан мен Өзбекстан мемлекет басшылары алдымызға бірқатар міндеттер қойды, олардың бірі - сауданы 10 млрд.долларға дейін дамыту. Елдер арасындағы өзара сауда 9 айда 3,3 млрд. долларды құрады, бір жыл ішінде біз тауар айналымын 4 млрд. доллар деңгейінде күтеміз. Бүгін жасалатын келісімдер елдеріміздің сауда-экономикалық байланыстарын тереңдету үшін қосымша серпін беретініне сенімдімін", - деп хабарлады ҚР Сауда министрі Бақыт Сұлтанов.
Іскерлік кеңес алаңында BI Group құрылыс холдингі мен Ташкент қаласының хокимі арасында Өзбекстан Республикасына тікелей шетелдік инвестицияларды жүзеге асыру шарттары туралы келісімге қол қойылды.
Ташкентте жаңа аудан құру жөніндегі ауқымды бағдарлама шеңберінде қазақстандық құрылыс салушы BI Group өзбек серіктесі Murad Buildings-пен бірлесіп, жалпы сомасы $500 млн. құрайтын тұрғын үй, әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруда.
Анықтама:
Өзбекстанға қазақстандық экспорттың ең ірі баптары мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұқымдары, қара, түсті металдар, бейорганикалық химия өнімдері, азық-түлік тауарлары болып табылады. Өзбекстан энергия тасымалдаушыларды (газды), автомашиналарды, мақта талшығын, химиялық өнімдер мен пластмассаларды, тыңайтқыштарды, жеміс-көкөніс өнімдерін және басқа да тауар түрлерін импорттайды.
- 13.12.2021
- 200