• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандық зертханаларға «Үздік сынақ» көтермелеу марапаты берілді

2021 жылғы 7 желтоқсанда ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов аккредиттелген сынақ  зертханаларға марапаттар тапсырды.

Нұр-Сұлтан қаласында «Алтын сапа» Президент сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» төрт номинация бойынша жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  

Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме - конкурсы шеңберінде ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Үздік сынақ» көтермелеу наградасы беріледі.

Сынақ зертханалары үшін «Үздік сынақ» аккредиттелген сынақ зертханаларының сәйкестігін бағалау саласындағы қызметті жетілдіруге ынталандыру және аккредиттеу субъектілерінің қызметін танымал ету мақсатында тапсырылады.

Осы жылы көтермелеу марапатына екі аккредиттелген зертхана – «Қазақстан өнеркәсіпке қолдау институты» ЖШС және «Agro Lab» ЖШС ие болды.

«Қазақстан өнеркәсіпке қолдау институты» (зертхана) ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес аккредиттелген және аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде № KZ T.10.1788 тіркелген. Зертхананың қызметті жүзеге асыру үшін тиісті ресурстары: білікті персонал, үй-жайлар, жабдықтар және материалдық ресурстар бар.

«Agro Lab» (зертхана) ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес аккредиттелген және аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде № KZ T.15.2360 болып тіркелді.

«AgroLab» сынақ зертханасы аккредиттеудің барлық критерийлеріне жауап бере отырып, қазіргі заманғы жабдықтармен, жаңғыртылған үй-жайлармен және жоғары білікті қызметкерлермен жабдықталғанын атап өткен жөн. Зертхана өз жұмысында алдыңғы қатарлы технологияларды, жаңа құралдар мен жабдықтарды қолданады, өз мамандарының біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады және өзін Солтүстік Қазақстан өңірінде ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша да үлгілі-көрнекті зертхана ретінде танытты.

Марапат туралы. Аккредиттелген зертханалар арасында сәйкестікті бағалау саласындағы «Үздік сынақ» көтермелеу наградасы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларын және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысына сәйкес әзірленді.

  • 13.12.2021
  • 295
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика