- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2022 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 22 желтоқсан және 2022 жылғы
6 қаңтар аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекен-жайы бойынша орналасқан «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 1 кіреберісінде, Министрлігінің кеңсесінде жүргізіледі.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 74-94-02, 8 702 111 23 99.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
- белгіленген үлгідегі өтiнiш;
- салыстыру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бiрлестiк және/немесе ұйым мүшелерiнiң тiзiмi.
Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде:
- Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнiндегi комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) (Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 11 бұйрығымен құрылған) аккредиттеу материалдары қаралады және бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлiктi беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы ұсынымдар шығарылады;
- Комиссия ұсынымы негізінде Министрлік аккредиттеу туралы куәлiктi беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Министрлік тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу туралы куәлiкті немесе себептерін негiздей отырып аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны бiрлестiкке ұсынады.
Егер:
- берiлген құжаттар Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
- бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерін қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;
- ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;
- бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.
Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi.
Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
- 22.12.2021
- 194