- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын қадағалау туралы
Биыл заңсыз үкімдерді дер кезінде анықтау, сот қателерін түзету және мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқардық.
Нәтижесінде, қадағалау актілері бойынша 241 адамның жағдайы жақсарды. Олардың 39-ы ақталды, 136 адамға жаза мерзімі азайтылды.
Мысалы, 19 азаматқа қатысты үкімдердің күшін жойдық.
Бұдан бөлек, дер кезінде әрекет етіп, 48 қылмыскерге жауаптылықтан жалтаруға жол бермедік.
Жоғарғы Сотта бірқатар санаттағы істер бойынша тәжірибені өзгерту мүмкін болды, атап айтқанда, сотталғандардың кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасау әрекеттерін дұрыс емес саралауға түзетулер енгізілді.
Енді адамның жас болуы дәрменсіз жағдай ретінде бағаланады және істер сотқа зорлау бойынша, яғни аса ауыр қылмыс ретінде жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлық бойынша жұмсалған пара нысанасының баламасын тәркілеу бойынша практиканы бекіттік. Бұрын параның жұмсалған бөлігі өндіріп алынбай қалатын.
Жұмыс жалғасуда.
- 24.12.2021
- 190