- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Үйлестіру Кеңесінің отырысы туралы
Бүгін Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткіздім, онда адам саудасына қарсы іс-қимыл және қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы саладағы қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды. Жәбірленушілер үшін біржолғы өтемақы қарастырылған, ал шетелдік құрбандар үшін елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі енгізілді. 2018 жылдан бастап бас бостандығынан айыру орындарына 283 қылмыскер жіберілді.
Ол құлдықтан құтылғаннан кейін адамдар қиындықтарға тап болып, қайтадан сауда объектісіне айналуы мүмкін екенін атап өттім. Сондықтан оларды медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызметтер пакетімен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды тапсырдым.
Сондай-ақ, прокурорларға аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасау құқығы берілетін қылмыстық процестің үш буынды моделінің келесі кезеңіне өту бойынша ел Президенті қойған міндеттерді іске асыру талқыланды.
Бұл прокурордың қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді тәуелсіз құқықтық бағалау тетігін күшейтеді және айыпталушыны сотқа бергені үшін жауапкершілігін арттырады, нәтижесінде қылмыстық шеңберге тартылған адамдардың құқықтық қорғалуын күшейтеді.
Мұндай тәртіп полицияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдарының тергеуіндегі қылмыстық істердің шамамаен жылына бір мыңнан астамын қамти отырып, келесі жылдан бастап Қылмыстық кодекстің 47-бабына таралады.
Шілде айынан бастап бүкіл ел бойынша пилоттық апробация жүргізілді, жаңа жағдайларда жұмыс істеу үшін құқықтық және техникалық дайындық қамтамасыз етілді.
Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және қылмысқа қарсы іс-қимылға назар аударуды тапсырдым.
- 27.12.2021
- 345