• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тағы жеті мектептің құрылысы аяқталды.

Тағы жеті мектептің құрылысы аяқталды. Бұл мектептер 20 мыңнан астам оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, BINOM SCHOOL жаңа форматтағы инновациялық мектебіне бардым. Жаңа бес қабатты мектеп 4 мың оқушыға есептелген (2 ауысымда). Бұл мектепте оқу тегін. Мектепте робототехника кабинеттері, кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, смарт-сыныптар, металл және ағаш кесу шеберханалары, TedxBinom, Speaking Club, үлкен кітапхана, ойын бөлмелері және т.б. бар. Binom мектебінің басты артықшылықтарының бірі – ерекше қажеттілігі бар балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа мектептердің есігі 3 тоқсаннан бастап ашылады.
✅Биыл барлығы 15 мектеп салынды. Бұл шамамен 40 мың оқушы орны. Жаңа мектептер салынғандықтан 5 мектеп енді үш ауысымда оқытпайды, сондай-ақ, 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек.
Елордада жыл сайын адамдар саны артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есеге артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 есе асады. Мысалы, мамыр айында 7 мың түлек мектеп бітіріп шықса, бірінші сыныпқа 25 мың оқушы келеді. Осы мәселелерді шешу үшін қалада жыл сайын кем дегенде 10 мектеп салып отыру қажет.
✅ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың құрылыс көлемін арттыру бойынша жұмыстанып жатырмыз. 2022 жылы 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Мектеп құрылысына жеке инвестицияны да тартамыз. Мектептер қаланың барлық ауданында, соның ішінде елді мекендерде салынып жатыр. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аударамыз.

  • 29.12.2021
  • 219
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика